Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола 1991 года рождения к призывному участку Аулиекольского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әулиекөл ауданының әскерге шақыру учаскесіне 1991 жылы туған еркек жынысты азаматтарды тіркеу жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағы 13-тармақшасының және Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Әулиекөл ауданының әскерге шақыру учаскесіне 1991 жылы туған, тіркеу жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеу жүргізу 2008 жылдың қаңтарынан наурызына шекті кезеңде ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Қостанай облыстық ішкі істер Департаментінің Әулиекөл аудандық ішкі істер бөлімі мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) жасөспірімдерді әскерге шақыру учаскесіне тіркеу кезеңінде ұсынамыз:
Тармақша 1
1) тізімге тіркелеуден қашқан азаматтарды іздеуді және ұстауды жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2) шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін күн сайын сағат 9.00-18.00 дейінгі уақытқа бір полиция қызметкерін бөлсін.
Тармақ 3
3. Село, поселке, селолық округтер әкімдері тіркеуге шақырылған жасөспірімдерді тіркеу учаскесіне тіркелуден өту үшін уақытында келуін және әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуға көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Әулиекөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) 1991 жылы туған азаматтарды тіркеу жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшін аудандық бюджет бекіткен, тіркеу жүргізу шығындарына сәйкес қажетті мөлшерде ақшалай қаржы бөлсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қуанышбаев Болатхан Ахметұлына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.