1991 жылы тұған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1991 жылы тұған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы Май ауданының азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеу мақсатында Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 3 тарауының, 17 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занның 33 бабының 1 тармағының 13 тармақшысына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
Тармақ 1
1. Май ауданының азаматтарының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісім бойынша) 17 жасқа толатын азаматтарды 2008 жылғы қантар-наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеу жұмысын жүргізсін.
Тармақ 2
2. Ауданда азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарын өткізу үшін төмендегі құрамда комиссия (қосымшаға сәйкес) құрылсын.
Тармақ 3
3. Май аудандық аурухананың бас дәрігері (Б. Қазбеков) азаматтарды дәрігерлік тексеру кезінде қажет маман дәрігерлермен қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) дәрігерлік комиссиясы қосымша тексеруге жіберілген азаматтарды қабылдау үшін стационарда орын ұйымдастырсын, амбулаторялық, стациоанарлық тексеру шағындарын ауылдық дәрігерлік амбулаториялар арқылы өтілуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) азаматтарға барлық вакцинация егу түрлері жүргізілсін;
Тармақша 3
3) ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне қажетті дәрі-дәрмектер, құрал-жабдықтар мүліктері бөлінсін;
Тармақша 4
4) тіркеу қорытындысы бойынша ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімнен тұскен № 1, № 2 тізімдердегі шақырушылардың емделуін бақылауға алып, оның нақты орындалуы туралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарлансын.
Тармақ 4
4. Ауыл, селолық округ әкімдері және барлық меншік нысаны кәсіпорын басшылары, 25 желтоқсанға дейін Май ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақыру учаскесіне тіркелетін азаматтардың қолына шақыру қағазын беріп, олардың комиссия өтетін күндерінде болуын қамтамасыз етіп, тізімін және мінездеме дайындап, отбасы туралы анықтама, жұмыс орнынан анықтама, білім жһніндегі құжаттық көшірмесі, 3х4 фотосурет 6 дана ұсынсын.
Тармақ 5
5. Ауыл және селолық округі әкімдеріне азаматтардың шақыру учаскесіне қажетті құжаттармен келуін қамтамасыз ету, бақылау жұмыстары жүктелсін.
Тармақ 6
6. Май аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы (С. Мұқатаев) 2008 жылдың қантар айынан бастап наурыз айына дейін үш техникалық жұмыскерден босатсын.
Тармақ 7
7. Май ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы (Солтамбаев Қ. Қ) (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу барысында қоғамдық тәртіпі бақылау үшін жауыпты қызметкер бекітсін.
Тармақ 8
8. Май ауданының экономика және қаржы бөлімінің бастығы (Қоңыржанов А.Б.), аудан әкімінің аппарат басшысы (А. Байғалиев) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмысын қамтамасыз етуге байланысты ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің есебі бойынша қаржы бөлсін.
Тармақ 9
9. Азаматтарды ауыл және селолық округтерден шақыру учаскесіне, дәрігерлік мекемелерге жеткізу шараларын қамтамасыз ету үшін ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлім автокөлікті жалға алуға келісім шартқа отырсын.
Тармақ 10
10. Ресми жарияланған күннен бастап заң күшіне енеді. Келісілді: Май ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, майор С. Бектеміров
Басқа 15. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясының құрамы
Май аудан әкімінің 2007 жылғы «28» желтоқсандағы «1991 жылы түған азаматтарды шақыру учаскеіне тіркеу туралы» № 22 шешіміне 1- қосымша Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясының құрамы Бектеміров Серік Болатұлы - ауданның қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы комиссия төрағасы Ахметжанов Мұрат Мұсаұлы - аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Кәрімов Болат Уәнұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Каметова Ақтолқын Мауітбекқызы – аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары (келісім бойынша) Жақсыбекова Рәтай Ғизатқызы – медбиби, комиссия хатшысы