О проведении приписки юношей 1991 года рождения, а также старших возрастов, ранее не прошедших приписку к призывному участку Бухар-Жырауского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1991 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің тіркелуін өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының (әрі қарай – Заң) 17 бабының негізінде, Бұқар жырау ауданының шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің сапалы және дер кезінде тіркелуін өткізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің негізінде 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1991 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің тіркелуі өткізілсін.
Тармақ 2
2. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу үшін мынадай құрамда комиссия бекітілсін: Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов - Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы Асхат Сағадиұлы Әли – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Совет Төкенұлы Арбабаев – аудандық ішкі істер Басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Мұрат Әлімұлы Байғожин – медициналық персоналдың жұмысын басқарушы дәрігер, медициналық комиссиясының төрағасы Айгүл Қайырқызы Әбілдина – аудандық орталық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы Медициналық комиссия мүшелері: Мереке Нұрғалиұлы Жұмақаев – дәрігер-хирург Сағдат Қабиұлы Какенов - дәрігер-терапевт Зура Қайырбекқызы Жұмақаева - дәрігер-невропатолог Сара Сартайқызы Сембаева - дәрігер-стоматолог Роза Нұрғалиқызы Жұмақаева – дәрігер дермато-венеролог Зәмзәгүл Жұмағұлова - дәрігер-психиатр Жібек Бахиқызы Жүнісова - дәрігер-рентгенолог Лев Львович Базелев - дәрігер-отоларинголог
Тармақ 3
3. Заңның 44 бабының 4 тармағына сәйкес азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу бойынша комиссия мүшелеріне, комиссия жұмысына қатысатын медицина қызметкерлеріне осы міндеттерді орындау уақытында жұмыс орны, қызметі және еңбекақысы сақталады.
Тармақ 4
4. Комиссия төрағасы (Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов (келісім бойынша) комиссияның отырысы толық емес құрамда өткізілуін болдырмасын және шақыру учаскесінде жас жігіттерді тіркеудің сапалы өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі Заңның орындалуын қатаң қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Селолық округтер және кенттер әкімдері:
Тармақша 1
1) құлақтандыру ұйымдастырсын және 1991 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің белгіленген мерзімде қажетті құжаттармен Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
Тармақша 2
2) тіркелу кезеңіне техникалық жұмысты ұйымдастыруға село және кенттер әкімдері аппараттарының есеп және брондау жөніндегі мамандары тартылсын.
Тармақша 3
3) жас жігіттерді тасымалдау кезінде техникалық жарамды автотранспортпен қамтамасыз етілсін, көлік жүргізушілермен техника қауіпсіздігін сақтау жөнінде нұсқаулық өткізілсін.
Тармақ 6
6. Қазынашылық мемлекеттік коммуналдық «Аудандық медициналық бірлестік» кәсіпорнының директоры (Болат Мұздыбайұлы Мұздыбаев (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Ботақара және Ғабиден Мұстафин кентерінің ауруханаларында 1991 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге алдында алдында Бұқар жырау ауданының шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің кеуде талшығы флюорографиясынан өткізілуін, электрокардиограмма, анализдер тапсыруын ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) 1991 жылы туған жас жігіттерді, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттерді тексеру үшін табан флюорографиясына рентгенопленкалардың және электрокардиограмма өткізу үшін қағаздың резрві жасалсын;
Тармақша 3
3) Ботақара және Ғабиден Мұстафин кентерінің стационарында қосымша тексеру және тіркеуден өтіп жұргендеанықталған ауруларды емдеу ұшін төсек орнының резрві болсын.
Тармақ 7
7. Аудандық ішкі істер басқармасының бастығы (Серік Сағынбайұлы Алиев) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Бұқар жырау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1991 жылы туған жас жігіттерге, сонымен бірге алдында Бұқар жырау ауданының шақыру учаскесіне тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттерге қатысты тергеу немесе алдын-ала тексеріс жөнінде мәлімет ұсынсын, сонымен қатар тіркеуден бас тартып жүрген жігіттерге іздеу салынсын;
Тармақша 2
2) шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін тіркеу комиссиясы мерзімінде аудан орталығының учаскелік инспекторлар санынан кезекшілік құрылсын;
Тармақша 3
3) Бұқар жырау ауданының шақыру учаскесіне жас жігіттерді жеткізу кезнде автотранспортты ілестіру қамтамасыз етілсін.
Тармақ 8
8. Аудандық қаржы бөлімі (Баян Райханқызы Муталяпова) Заңның 44 бабына сәйкес, смета бойынша, тіркеуден өту шараларына байланысты іс-шараларға қаржы бөлінсін.
Тармақ 9
9. Меншіктің барлық түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындар және және оқу орындарының басшылары жас жігіттерді оқудан, еңбекақысы сақталуымен жұмыстан босатсын, тіркеуден өту мерзімі мен уақыты жөнінде құлақтандырсыен.
Тармақ 10
10. Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (Өмірбек Ыбырайұлы Әбілов) осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты аудан әкімі аппаратына 2008 жылдың 10 сәуіріне дейін ұсынсын.
Тармақ 11
11. Бұқар жырау аудан әкімдігінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы №34/7 «1990 жылы туған жас жігіттердің, сонымен бірге бірге алдында Бұқар жырау ауданының шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген жасы үлкен жігіттердің тіркелуін өткізу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (тіркелу нөмірі 8-11-31, аудандық №2 «Сарыарқа газетінде» 2007 жылдың 13 қаңтарында жарияланған)
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
Тармақ 13
13. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Келісілген Аудандық медициналық бірлестіктің директоры Б. Мұздыбай 24.12.2007 Аудандық ішкі істер Басқармасының бастығы С. Алиев 24.12.2007 Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Ө. Әбілов 24.12.2007