Аудан көлемінде 1991 жылы туылғандарды және бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Аудан көлемінде 1991 жылы туылғандарды және бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркеуге алу жүмыстарын жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. 2008 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында аудан көлемінде 1991 жылы туылғандар мен бұрын тіркеуден өтпеген әскер жасындағы азаматтарды тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу аудандық қорганыс істері жөніндегі бөлімінен (О.Жұматов, келісімі бойынша) сұралсын.
Тармақ 2
2. Кент, ауылдық округ әкімдері аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесіп азаматтардың шақыру бөлімшесіне тіркелуін қамтамасыз ету сұралсын.
Тармақ 3
3. Аудандық білім бөлімі (Ж.Бердіманов) тіркеуден өтетін оқушы балалардың бекітілген кестеге сәйкес аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге белгіленген мерзімде келуін қамтамасыз ету және тіркеу комиссиясынан техникалық көмек көрсететін мекемелерге тиісті тапсырмалар беру тапсырылсын.
Тармақ 4
4. «КРЭК»-тің аудандық филиалынан (Е.Құрышжанов, келісімі бойынша) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ғиимаратына тіркеуге алу комиссиясының жұмыс жүргізу кезеңінде электр жарығын тұрақты беріп тұруды қамтамасыз ету сұралсын.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер бөлімінен (П. Нәлібаев, келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) тіркеуге алуды жүргізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) азаматтардың тіркеуге келуіне бақылау жасап, тіркеуден бас тарту әрекеттерін болдырмау жөнінде шаралар-қабылдану;
Тармақша 3
3) тіркеуге келмеген азаматтарды іздестіру жұмыстарын жүргізуін тапсыру сұралсын.
Тармақ 6
6. Аудандық емхананың бас дәрігері (С. Ысқақов, келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде азаматтарды тіркеуге алу мен комиссияға қатысуға бекітілген маман-дәрігерлер мен медбикелердің қатысуын;
Тармақша 2
2) шақыру бөлімшесін қажетті дәрі-дәрмектерпен, дәрігерлік кұрал-жабдықтармен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің 2005 жылғы №100 бұйрығына сәйкес қамтамасыз ету сұралсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Ибрагимовке жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.
«КЕЛІСІЛДІ»
Аудандық емхананыңибас дәрігері
Ысқақов Сәулебек
«28» желтоқсан 2007ж.
«КЕЛІСІЛДІ»
Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы Нәлібаев Пәзілбек
«28» желтоқсан 2007ж.
«КЕЛІСІЛДІ»
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығы Жұматов Оразалы
«28» желтоқсан 2007ж.
«КЕЛІСІЛДІ»
«КРЭК»-тің аудандық филиалының
директоры Құрышжанов Еркін
«28» желтоқсан 2007ж.