Қолданыстағы ред. 04.01.2008

«1991 жылы туылган азаматтарды шаңыру учаскесінде тізімге алу және жастарды жедел әскери кызметке шакыруға дайындау туралы» от 04.01.2008 г. № 2 («1991 жылы туылган азаматтарды шаңыру учаскесінде тізімге алу және жастарды жедел әскери кызметке шакыруға дайындау туралы»)

0

«1991 жылы туылған азаматтарды
шақыру учаскесінде тізімге алу және
жастарды жедел әскери қызметке
шакыруға дайындау туралы»
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына негізделіп 1991 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде тізімге алуды уақытылы және сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының қарулы Күштеріне, басқа да жасақтарға және әскери құрылымдарға әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында,Текелі қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларына 1991 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне, сондай-ақ "Алматы облысы Ескелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Жанатай Мүқашүлы Тоқпаев), шақыру учаскесіне бұрын тіркелмеген жасы ұлғайған жастарды тізімге алу жүргізілсін.

2

2. 1991 жылы туылған, сондай-ақ шақыру учасқелерінде бұрын тізімге алынбаған жасы ұлғайған азаматтарды дер кезінде толық және ұйымшылдықпен тізімге алу қамтамасыз етілсін.

3

3. «Текелі қаласының қалалық ауруханасы» мемлекеттік қазыналы кәсіпорынның бас дәрігеріне (Олег Станиславович Кан), жастарды медициналық куәландыру жүргізу үшін дәрігерлер мен мамандарды қатыстыру ұсынылсын (келісім бойынша).

4

4. «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары (Ерлан Жеңісбайұлы Абдалиев) "Алматы облысы Ескелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 1991 жылы туылған мүгедек жастар туралы мәлімет берсін.

5

5. «Текелі қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Нәзигүл Сағатбекқызы Кертаева) және «Текелі қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы ( Бауыржан Ертайұлы Тұғылбаев)

1

1)1991 жылы туылған жастар арасында әскери оқу орнына түсу үшін кандидаттар таңдау бойынша жұмыс жүргізсін;

2

2) әскери тіркеу кезінде орта білімі жоқ азаматтарды анықтау үшін мектеп мұғалімдері бөлінсін;

3

3) оқу мекемелерінде әскери - қолданбалы спорт түрлері бойынша жастардың дайындығы жөнінде іс шаралар жүргізсін;

4

4) әскер жасына дейінгі жастар арасында әскери-патриоттық мәселе бойынша түсініктеме жұмыстарын ұйымдастырып өткізсін.

6

6. Рудник кентінің әкімі (Сергей Дмитриевич Вишняков) 1991 жылы туылған азаматтардың шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін.

7

7. Қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы (Қуатжан Бақытжанұлы Нүгербеков) кәмілетке толмаған жасөспірімдер ісі инспекциясында тіркеуде тұрған жастардың тізімін беруі ұсынылсын (келісім бойынша).

8

8. «Текелі қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Әсет Серікұлы Қанағатов) бюджет ассигнованиясының шеңберінде қаржыландыру жүргізсін.

9

9. Осы шешімнің орындалуын бақылау әкімнің орынбасары Гүлмира Баяхметқызы Маупашеваға жүктелсін.

10

10. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.