Қолданыстағы ред. 17.01.2008

Ақтоғай ауданы бойынша 1991 жылғы туған азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуге алу туралы от 17.01.2008 г. № 01/02 (Ақтоғай ауданы бойынша 1991 жылғы туған азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуге алу туралы)

0

Ақтоғай ауданы бойынша 1991 жылғы туған азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуге алу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңдарына және Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына сәйкес 1991 жылғы туған азаматтарды Ақтоғай ауданы бойынша Балхаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біліктірілген бөлімінің әскерге шақыру учаскелеріне 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркеуге алу ұшін Ақтоғай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 1991 жылғы туған азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу үшін ұсынылған №1 қосымшада көрсетілгендейқұрамда аудандық комиссия құрылсын.

2

2. 1991 жылғы туған азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне тіркеуге алу мерзіміне «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының (әрі қарай – Заң) Заңының 44 бабының 1 тармағына сәйкес төмендегі іс шаралар іске асырылып қамтамасыз етілсін:

1

1) Ауданның білім бөлімі, селолық, поселкелік округтерінің және кент әкімдері тіркеуге алынатын азаматтарды дәрігерлік куәландыру және оларды мекен жайынан Балхаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру учаскелеріне дейін және кері қарай жүріп-тұру жұмыстарын ұйымдастырсын.

2

2) Әскерге шақыру учаскесі үшін қызмет ғимараты мен орны (қажетті жағдайда ғимаратты жалға алу) коммуналдық – тұрмыстық қызмет көрсету (электр жарығы, сумен қамтамасыз ету, жылу беру, тазарту т.б.) жиһаз, кеңсе құралдарымен, байланыс құралдары және кезекші автокөлік бөлінсін;

3

3) Ақтоғай аудандық медициналық бірлестігі (Р.Жарлығасынов) №2 қосымшада көрсетілгендей әскерге шақыру учаскелерін маман дәрігерлермен, орта медбибілермен және техникалық қызметкерлердің құрамымен жасақтасын.

4

4) Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (А.Түсіпбеков) 1991 жылы туған азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуге алу мерзіміне яғни 2008 жылдың қаңтарынан 31 наурызына дейін тіркелген жұмыссыздар есебінен Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру учаскелеріне 2 адамды техникалық қызмет көрсету үшін бөлсін.

3

3. Ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (А.Зейнелғабдин) Заңның 44 бабының 4 тармағына сәйкес 1991 жылғы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеумен байланысты шараларды 2008 жылғы аудандық бюджетте көзделген қаржылар шегінде қаржыландырылсын.

4

4. Ауданның ішкі істер бөлімі (Қ.Е.Жанпейсов – келісім бойынша) Заңның 18 бабының 3 тармағына сәйкес тіркеуге алынудан жалтартатын азаматтарды іздестіру және ұстауды жүзеге асырсын, оларды апару кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.

5

5. Ауданның барлық мекеме, кәсіорын, оқу орындары басшыларына және меншік түріне қарамастан кәсіпкерлер, басқа да ұйым, қоғам басшыларына Заңның 17 бабына сәйкес 1991 жылғы туған азаматтарды қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге тіркеуге алудың маңыздылығы ескертілсін.

6

6. Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің бастығы (Бекмагамбетов-келісім бойынша) 1991 жылғы туған азаматтардың Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру учаскелеріне тіркеудің қорытындылары туралы ақпаратты аудан әкіміне 2008 жылғы 15 сәуір қарсаңында ұсынсын.

7

7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.З. Тлеубергеновке жүктелсін.

8

8. Осы қаулы алғаш ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі
біріктірілген бөлімінің бастығы
Б.А.Бекмағамбетов
«17» қаңтар 2008 жыл.
Ақтоғай ауданы ішкі істер
бөлімінің бастығы
Қ.Е.Жанпейсов
«17» қаңтар 2008 жыл.

13

Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 17 қаңтарындағы
№ 01/02 қаулысымен бекітілген
№1 қосымша
Ақтоғай ауданы бойынша 1991 жылғы туған азаматттарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскелеріне тіркеуге алу туралы аудандық комиссия құрамы:
Бекмағамбетов Болат Абдикешович – комиссия төрағасы, Балқаш қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы;
Тлеубергенов Бекет Зекенұлы - комиссия төрағасының орынбасары, Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Қаппаров Ораз Амантайұлы – Ақтоғай ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
Естеков Шарип Құрмашұлы – Ақтоғай аудандық медицина бірлестігі директорының орынбасары;

14

Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 17 қаңтарындағы
№ 01/02 қаулысымен бекітілген
№2 қосымша
Ақтоғай ауданы бойынша 1991 жылғы туған азаматттарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуге алу туралы аудандық дәрігерлік комиссия құрамы:
Естеков Шаріп Құрмашұлы – дәрігерлік комиссия төрағасы;
Ақтоғай аудандық медицина бірлестігінің директорының орынбасары;
Абдигулов Марат Ашембекович – дәрігер хирург;
Хасенова Манат Кенжебаевна – медбибі;
Абдигулова Жанар Ашимбекқызы – дәрігер терапевт;
Иманбекова Саулет Сериктаевна – медбибі;
Естеков Шаріп Құрмашұлы – дәрігер психиатр;
Мурсалбекова Несіпжамал – медбибі;
Мукашев Жанат Аманжолоұлы – дәрігер отоларинголог;
Аманбаева Алия Ибрахимқызы – медбибі;
Абдулина Бақыт Абдрахмановна – дәрігер венеролог;
Ахаева Баян Жахлеповна – медбибі;
Абилкасимов Өмірбай Абилкасимович – дәрігер окулист;
Бекишева Майра Сейтказымқызы – медбибі;
Сатбекова Биби Шегендікқызы – медбибі, салмақ, бой өлшеу;
Ногаева Шынар Жастилековна – медбибі рентген және флюорографияға түсіру,
Шарипова Гүлбарам – медбибі, ЭКГ-ға түсіру,
Мукашбекова Панар Саматовна – комиссия хатшысы;