1991 жылы туған азаматтарды әскери шақыру учаскесіне тіркеуге алу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1991 жылы туған азаматтарды әскери шақыру учаскесіне тіркеуге алу туралы Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу-әскер жасына дейінгілерді әскери есепке қою жергілікті әскери басқару органдары арқылы жүргізіледі. Тіркелетін жасы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтар шақыру учаскелеріне тіркеуге жатады. 1991 жылы туған жасөспірімдерді әскери шақыру учаскесіне тіркеуге алу мақсатында «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысы, «Қазақстан Республикасының. Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлерімен- әскери құрамаларында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 қаулысы, 2005 жылғы 8-шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17, 18 баптары, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001- жылғы 23 – қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес . Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Зайсан ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі (келісім бойынша) (Н.Н.Тұнғатаров) 1991 жылы туған жасөспірімдерді 2008 жылғы 1 қаңтардан 2008 жылдың сәуірдің 1-не дейін әскери шақыру учаскесіне тіркеуден өткізуді ұйымдастыру сұралсын.
Тармақ 2
2. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері (келісімі бойынша) (З.Қ.Қалибеков) әскери шақыру учаскесіне тіркеуге алынатын жасөспірімдерді арнайы бөлмелерде тексеруден өткізу үшін «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық Министірінің 2005 жылғы 16 -наурыздағы № 117, Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің 2005 жылдың 4-наурызындағы № 100 бірлескен бұйрығына сәйкес қажетті мөлшерде медициналық аспаптармен, мүлікпен қамтамасыз ету сұралсын.
Тармақ 3
3. Азаматтарды шақыру учаскесінен тіркеуден өткізу жүмыстарын үйлестіру үшін комиссия төмендегі қүрамда бекітілсін: Тұнғатаров Нұрмахан Нұрғазыұлы - аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (өз келісімімен) Биқадамов Қазбек Солтанбекұлы - Зайсан ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Тауасарова Гүлмира Әнуарбеккызы - аудандық аурухананың жасөпірімдер дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрайымы (өз келісімімен) Сағиев Ермек - аудандық ішкі істер бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бастығының орынбасары (өз келісімімен) Бегімжанова Гүлия Төлеуханқызы - аудандық аурухана медбикесі, комиссия хатшысы (өз келісімімен)
Тармақ 1
4. Осы қаулыға қоса беріліп отырған Зайсан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне тіркеуге алынатын 1991 жылы туған азаматтарды медициналық куәландыратын әскери дәрігерлік комиссияның кұрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
5. Ауылдық округтер әкімдеріне, мектеп директорларына жасөспірімдерді әскери есепке тіркеу учаскесіне дейін ертіп әкелетін арнайы адамдар бөлу жасөспірімдерді әскери шақыру учаскесіне тіркеу уақытында жабдықталған көлікпен жеткізуді . қамтамассыз ету және оларды тасымалдауда жазатайым оқиғалардан сақтанудың барлық шараларын сақтау міндеттелсін.
Тармақ 3
6. Аудан әкімі аппаратының қаржы және шаруашылық бөліміне (Қ. Қ. Рахымжанов):
Тармақша 1
1) байланыс жүйесі, қорғаныс істері жөніндегі бөлім ғимаратының ағымдық жөндеу жүмыстарын және жалға төлеу ақысын;
Тармақша 2
2) жасөспірімдерді әскери есепке тіркеу уақытында қосымша жанар жағар май бөлінуін, канцелярлық заттар шығындарын;
Тармақша 3
3) жасөспірімдерді әскери шақыру учаскесіне тіркеуде дәрігерлік тексеруге және емдеуге жұмсалған шығындарды;
Тармақша 4
4) әскери -дәрігерлік комиссияға, әскерге шақырылатын азаматтардың іс-құжаттарын дайындау үшін техникалық қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жылу беру мерзімі уақытында от жағушыларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің (келісім бойынша) (Н.Н.Тұнғатаров) тапсырысымен келісімшарттар бойынша қабылдауды аудан бюджетінде қаралған қаржы есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Аудандық білім бөлімі (Әбдіғалиева С.С), аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім (келісім бойынша) (Тұнғатаров Н.Н) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу және білім дәрежесін, дене шынықтыру даярлығын тексеру жөнінде комиссия құру ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінен (келісім бойынша) (3. Қ. Қалибеков) 2008 жылы тіркелуге жататын, сондай-ақ әскери оқу орындарына үміткерлерді медициналық куәландыру және емдеу жүргізілетін емдеу мекемелерін белгілеу ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) (С.Қ.Тоқжігітов) әскери міндеттерін орындауда жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды, қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 10
10. «1990 жылы туған азаматтарды әскери шақыру учаскесіне тіркеуге алу туралы» Зайсан ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 17-қарашадағы № 639 қаулысының (нормативтік құқықтық акті 5-11-53 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 19-қарашада «Достық» газетінің № 48 санында жарияланды) күші жойылсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Биқадамовқа жүктелсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Келісілді: Қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы Тұнғатаров.Н.Н Аудандық аурухананың бас дәрігері Қалибеков З.Қ Аудандық ішк істер бөлімінің бастығы Тоқжігітов С.Қ Аудандық ішкі істер бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бастығының орынбасары Сағиев Е Аудандық аурухананың жасөспірімдер дәрігері Тауасарова Г.Ә
Басқа 17. Зайсан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуге алынатын 1991 жылы туған азаматтарды медициналық куәландыратын әскери -дәрігерлік комиссияның құрамы:
2007 жылғы «28» желтоқсан ауданы әкімдігінің қаулысына қосымша Зайсан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуге алынатын 1991 жылы туған азаматтарды медициналық куәландыратын әскери -дәрігерлік комиссияның құрамы: Тукинова Диманұр Зияновна -Зайсан қаласының № 1 отбасылық-дәрігерлік амбулаториясының терапевт дәрігері ( өз келісімімен) Медеубаев Серик Муратбекович -аудандық орталық ауруханасының невропатолог дәрігері ( өз келісімімен) Тукинова Гульзира Асымхановна -аудандық орталық ауруханасының отоларинголог дәрігері ( өз келісімімен) Жумагалиева Нургуль Батырхановна -аудандық жүйке аурулар диспансерінің дәрігері (өз келісімімен) Бұрымбетова Сәуле Заманбекқызы -аудандық орталық ауруханасының коз аурулар дәрігері ( өз келісімімен) Алтаева Ардақты Зәбенқызы -тері-венерологиялық аурулар диспансерінің дәрігері(өз келісімімен) Керімбаева Дариға Уәлиқызы -аудандық орталық ауруханасының тіс дәрігері (өз келісімімен) Байжігітов Кеңес Құлбекұлы -аудандық орталық ауруханасының хирург дәрігері ( өз келісімімен) Зайсан ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Н. Н. Тұнғатаров