О проведении приписки к призывному участку граждан 1991 года рождения Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1991 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінің тізіміне алу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес, жас жігіттерді әскери есепке алу үшін олардың санын, әскерге жарамдылықтарын, жалпы білім деңгейлерін, алған мамандықтары мен дене тәрбиесі дайындықтарын дайындау мақсатында, Ақкөл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әскерге шақыру учаскесінің тізіміне алу жөнінде, 1-қосымшаға сай, комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Қалалық, ауылдық, селолық және ауыл, село округтерінің әкімдеріне, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйым басшыларына, оқу орындарынын директорлары, әскери есепке алуды ұйымшылдықпен өткізу жөніндегі барлық шараларды қабылдап, жігіттердің жеке шақыру қағаздарында көрсетілген құжаттарымен келулерін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудандық емхананың бас дәрігеріне (келісім бойынша), ауданның емдеу мекемелері арқылы әскери есепке алынган жігіттердің кеуде қуысын рентгендік, электрокардиограммалық зерттеулерден өтулерін және анализдер тапсыруларын қамтамасыз етсін. Әскери есепке тұрғызу алдында аудандық медициналық комиссия білікті дәрігерлерімен, орта дәрежелі медициналық персоналдармен жасақталып, емдеу мекемелерінде әскерге шақырылушыларды кезектен тыс тексеруден өткізу және стационарлық емдеу үшін қажетті санда керуеттер бөлінетін болсын.
Тармақ 4
4. Аудандық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша), Ақкөл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліммен өзара бірлесіп әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге тұрудан бас тартқандарды іздестіруді ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. 2008 жылғы әскерге шақыру комиссиясының жұмыс істеу мерзіміне техникалық жұмысшыларды бөлу кестесі бекітілсін (2-қосымша).
Тармақ 6
6. Аудан әкімдігінің қаулысы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жарияланып және Ақкөл аудандық Әділет басқармасының мемлекеттік тіркеуінен кейін күшіне енеді.
Тармақ 7
7. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 14 желтоқсанындағы № а-12/400, «1990 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінің тізіміне алу туралы», Ақкөл аудандық әділет басқармасында 2007 жылы 4 қаңтарда № 1-3-63 тіркелген қаулысы күшін жойғандығы танылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.С Балпанға жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы майор К.Нұрмағамбетов «28» 12 2007 жыл КЕЛІСІЛДІ АПБ-нің бастығы, полиция подполковнигі Ж.Сәрсембаев «28» 12 2007 жыл КЕЛІСІЛДІ Аудандық емхананың бас дәрігері Ш.Бердімұратова «28» 12 2007 жыл
Басқа 9
Ақкөл ауданы әкімдігінің 2007 ж. 28.12. №А-12/406 «1991 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінің тізіміне алу туралы» қаулыға 1-қосымша 1991 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінің тізіміне алу жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ Нұрмағамбетов Келден Төлегенұлы аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы Сейітов Ахмет Мағзұмұлы Ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Досжанов Болат Қаметұлы Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының кадрлар жұмысы жөніндегі орынбасары Жүнісова Гүлбаршын Қашанқызы Ақкөл аудандық емхананың емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі бас дәрігердің орынбасары, комиссияның аға дәрігері Роппель Любовь Поликарповна Медбибі, комиссия хатшысы
Басқа 10
Ақкөл ауданы әкімдігінің 2007 ж. 28.12. №А-12/406 «1991 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінің тізіміне алу туралы» қаулыға 2-қосымша 2008 жылы әскерге шақыру комисссиясы жұмысының кезеңіне техникалық жұмысшыларды бөлу КЕСТЕСІ № п/п Мемлекеттік мекемелердің атаулары Бөлінетін тех. жұмысшы саны (адам) кезең Бөлінетін тех. жұмысшы саны (адам) кезең Бөлінетін тех. жұмысшы саны (адам) кезең қаңтар ақпан наурыз 1 2 3 4 5 6 7 8 1 Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 1 1.01.08-31.01.07 1 1.01.08-31.01 08 1 1.02.08 - 29.02.08 1 1.02.08 - 29.02.08 1 3.03.08-28.03.08 1 3.03.08-28.03.08