Об организации и проведении приписки граждан 1991 года рождения к призывному участку Қолданыста
Басқа 0
1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тізімге алуды ұйымдастыру және өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес, әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу үшін Егіндікөл ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ауданның қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімінің бастығына (бұдан әрі -ҚІЖББ) 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында аудан аймағында 1991 жылы туылған азаматтарды, сондай-ақ жасы үлкен бұрын тізімге алынбаған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тізімге алу жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 2
2. Қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімнің жанынан әскерге шақыру учаскесі құрылсын, мекен жайы: Астрахан ауданы, Алтынсарин көшесі, 63.
Тармақ 3
3. Ауыл және ауылдық округ әкімдері:
Тармақша 1
1) тізімге алынуға жататын барлық азаматтарға шақыру қағаздарын тапсырсын;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне жеткізу үшін шығарып салушылар және қажетті көлік бөлсін, адамдарды тасу кезінде қайғылы оқиғалардың алдын алу шараларын қолдансын.
Тармақ 4
4. Кәсіпорындар мен ұйымдардың, білім беру мекемелерінің басшылары тізімге алынуға жататын азаматтарды комиссиядан өту, стационарлық тексеру, сондай-ақ амбулаториялық анализдер тапсыру кезеңіне жұмыстан және оқудан босатсын.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (келісім бойынша) ҚІЖББ өзара әрекеттесіп, әскерге шақыру учаскесінде тәртіптің сақталуын және тізімге алынудан жалтарып жүрген тұлғаларды іздестіруді қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Азаматтарды тізімге алу жөніндегі іс-шаралардың орындалуымен байланысты шығыстар 2008 жылға арналған аудандық бюджетте қарастырылған қаражаттар есебінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 7
7. ҚІЖББ бастығына (келісім бойынша) 1991 жылы туылған азаматтарды тізімге алу қорытындысы туралы ақпаратты тізімге алу аяқталғаннан соң, 10 күн мерзім ішінде аудан әкіміне тапсыру ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Егіндікөл ауданы әкімінің 2007 жылғы 23 ақпандағы № 1 «1990 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тізімге алуды ұйымдастыру және өткізу туралы», Егіндікөл ауданы әділет басқармасында 2007 жылғы 05 наурызда № 1-8-49 тіркелген, «Шұғыла-Целинная нива» газетінің 20.03.2007 жылғы № 10 санында ресми жарияланған шешімі күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.С. Ысқақоваға жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы шешім Егіндікөл ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді, «Шұғыла-Целинная нива» газетінде ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 11
11. Осы шешімнің әрекеті 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.