1991 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу және жастарды мерзімді әскери қызметке шақыруға дайындық туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1991 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу және жастарды мерзімді әскери қызметке шақыруға дайындық туралы Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының 3 тармағы мен 18 бабына сәйкес, 1991 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді уақытында және сапалы жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мей әскери құрылымдарға жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау жұмыстарын жақсарту мақсатында, ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу жөніндегі аудандық комиссия, 2008 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1991 жылы туылған, сонымен қатар алдыңғы тіркеуден өтпей қалған жастары үлкен азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізсін.
Тармақ 2
2. Үшарал қалалық, Достық кенттік және ауылдық округтердің әкімдері және ұйымдардың басшылары әскерге шақырылушыларды "Алакөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне шақырылғаны туралы хабардар етіп, олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. "Алакөл аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі, әскери міндеттерін орындаудан жалтарган адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. "Алакөл ауданының "Орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны:
Тармақша 1
1) шақыру учаскесіне тіркелетіндерді медициналық куәландыру, оларға жан-жақты көмек көрсету шараларын әзірлесін, бұл іске тәжірибелі дәрігерлер мен қажетті орта буын медицина қызметкерлерін қатыстырсын;
Тармақша 2
2) 1991 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін;
Тармақша 3
3) ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасында емдеу денсаулықты жақсарту жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастасын:
Тармақша 4
4) «Алакөл ауданының корғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, 1991 жылы туылған, амбулаториялық есепке тұрған науқас жастардың қажетті медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және жүйке-неврологиялық диспансерлерде, жасөспірімдер кабинеттерінде және жұқпалы аурулар ауруханасында есепте тұрғандардың тізімін тапсырсын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Алматы облыстық филиалы - Алакөл аудандық бөлімшесі, «Алакөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, мүгедек деп танылған, 1991 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.
Тармақ 6
6. «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) әскерге шақырушыларды тіркеуге алу кезінде, орта білімі жоқ тұлғаларды анықтау үшін, мұғалім-педагогтар бөліп, жастардың оқуын ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) 1991 жылы туылған жастарарасында әскери оқу орындарына түсетін кандидаттарды іріктеп алу жұмысын жүргізсін.
Тармақ 7
7. "Алакөл аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) мекемелерде, ұйымдарда және оқу орындарында, әскери қолданбалы спорт түрлері бойынша, жастардың дайындығын өткізуді ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) тіркеуге алу кезінде, шақырылушы жастар арасында әскери-патриоттық мәселелер жөнінде тәрбиелік және түсініктеме жүмыстарын ұйымдастырып өткізсін.
Тармақ 8
8. «Алакөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.И.Чучуладзе) осы шешімнің орындалу барысы туралы Алакөл ауданының әкіміне 2008 жылдың 10 сәуіріне дейін ақпарат тапсырсын.
Тармақ 9
9. 0сы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.И.Жолжановқа жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісілді: «Алакөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Чучуладзе Айдамир Исрафилович «Алакөл ауданының Орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Әбдіғалымов Марат Сабетаевич «Алакөл ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Бақберген Нуракимович Бейсебаев Қазакстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Алматы облыстық филиалы-Алакөл аудандық бөлімшесінің бастығы Мустафин Қажығали Ыдырышұлы