1991 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1991 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1 тармағы 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74–III "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 16, 17, 44- баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 "Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілерді және шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібінің Ережесі туралы" қаулысын және Атырау облысы әкімінің 2007 жылғы 7 желтоқсандағы №30 «Атырау облысының 1991 жылы туған азаматтарын 2008 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы» шешімін орындау мақсатында ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. 2008 жылдың қаңтар, наурыз айларында Махамбет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде 1991 жылы туылған және түрлі себеппен жасы 18-ден асқан, бұрын әскери есепке тіркелмеген аудан территориясында тұратын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі аудандық комиссия құрылсын (1 қосымша). Комиссия жұмысы 2, 3 қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылсын.
Тармақ 3
3. Махамбет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскери есеп үстелі қызметкерлерімен бірлесіп, тіркелуге тиісті 1991 жылы туылған азаматтардың тізімін анықтау, шақыру, хабарлау, тіркеуден өткізуді ұйымдастыру шарасын алу ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Аудандық емханаға (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу үшін, медициналық тексеруге жабдықталған құралдармен, аудандық білім бөлімі, обаға қарсы бөлімшесі (келісім бойынша) және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің техникалық қызметкерлермен, аудандық "Қазақтелеком" бөлімшесіне (келісім бойынша) байланыс нүктесімен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Аудандық емханаға (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде медициналық байқау комиссиясына дейін азаматтардың қанының тобын, резус факторын, кеуде органдары (флюрографиялық зерттеу), электрокардиограмма, анализдерін анықтау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылсын. (2-қосымша).
Тармақ 6
6. Аудандық білім бөліміне әскери есепке тіркелетін жастарды ұйымдасқан түрде мектептердің бастапқы әскери пәнінің мұғалімі және сынып жетекшісінің басқаруымен жеке іс қағаздарына қажетті құжаттарды дайындап, шақыру учаскелеріне әкелуді ұйымдастыру міндеттелсін.
Тармақ 7
7. Селолық округ әкімдері мекеме-кәсіпорындарда жұмыс жасайтын 1991 жылы туылған, әскери есепке тіркелмеген жастарды керекті құжаттармен осы іске жауапты қызметкердің басқаруы арқылы шақыру учаскесіне жеткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Махамбет аудандық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша) заңдылыққа сәйкес шақыру учаскелеріндегі тәртіпті қамтамасыз ету, белгіленген мерзімде шақыру учаскесіне келмеген адамдарды шұғыл іздестіру және қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу, сондай-ақ азаматтардың тіркеуден жалтару әрекетінің алдын алу мәселелері жөнінде қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірлесіп іс–қимыл көрсетуін ұйымдастыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Аудандық қаржы бөліміне жергілікті бюджет есебінен әскери есепке тіркелу шараларын өткізу үшін қажетті қаржы бөлу тапсырылсын.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Арстановқа жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді. Шешім ескертулерсіз келісілді: Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы майор Б. Қартқожақов Аудандық емхананың бас дәрігері А. Жұмыров Аудандық ішкі істері бөлімінің бастығы полиция майоры Р. Мырзабаев Аудандық "Қазақтелеком" бөлімшесінің бастығы М. Ожаев
Басқа 13
2007 жылғы 28 желтоқсан №20 аудандық әкімінің шешіміне 1-қосымша Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1991 жылы туылған жастарды тіркеу кезіндегі комиссияның құрамы: Қартқожақов Бекболат Жұмабайұлы- аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша); Мәжиев Қайыржан Мәжиұлы - аудан әкімі аппаратының ұйымдастырукадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстары бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары; Комиссия мүшелері Әбілтаев Амангелді Мұратұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша); Молдашева Бақтылы Үмбетқызы - аудандық емхананың дәрігері, шақыру комиссиясының аға дәрігері (келісім бойынша); Майбасова Құндыз Сапарқызы- аудандық емхананың медбикесі, шақыру комиссиясының хатшысы (келісім бойынша).
Басқа 14
2007 жылғы 28 желтоқсан №20 аудандық әкімінің шешіміне 2-қосымша Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1991 жылы туылған жастарды тіркеу кезіндегі флюрография және анализ тапсыру кестесі Р/с Мектеп атауы Өтетін күндері 24.01 2008 25.01 2008 26.01 2008 27.01 2008 28.01 2008 31.01 2008 01.02 2008 1 Шонаев ОМ Х 2 Ағелеуов ОМ Х 3 Төленов атындағы мектепгимназия Х 4 Қалыбеков ОМ Х 5 Таңдай ОМ Х 6 Қызылүй ОМ Х 7 Жалғансай ОМ Х 8 Ақтоғай ОМ Х 9 Алға ОМ Х 10 Қарашаұлы ОМ Х 11 Есбол ОМ Х 12 Қосарал ОМ Х 13 КТМ–7 Х 14 Бейбарыс ОМ Х 15 Алмалы ОМ Х Ескерту: флюрографияға түсіру аудандық емханада
Басқа 15
2007 жылғы 28 желтоқсан №20 аудандық әкімінің шешіміне 3-қосымша Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1991 жылы туылған жастарды тіркеу кезіндегі дәрігерлік байқаудан өткізу кестесі Р/с Мектеп атауы Өтетін күндері 24.01 2008 25.01 2008 26.01 2008 27.01 2008 28.01 2008 31.01 2008 01.02 2008 23.02 2008 1 Шонаев ОМ Х 2 Ағелеуов ОМ Х 3 Төленов атындағы мектепгимназия Х 4 Қалыбеков ОМ Х 5 Таңдай ОМ Х 6 Қызылүй ОМ Х 7 Жалғансай ОМ Х 8 Ақтоғай ОМ Х 9 Алға ОМ Х 10 Қарашаұлы ОМ Х 11 Есбол ОМ Х 12 Қосарал ОМ Х 13 КТМ–7 Х 14 Бейбарыс ОМ Х 15 Алмалы ОМ Х
Басқа 16
2007 жылғы 28 желтоқсан №20 аудандық әкімінің шешіміне 4-қосымша Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1992 жылы туылған жастарды тіркеу кезіндегі бөлінген техникалық қызметкерлер Р/с Кәсіпорын, мекемелер атауы Саны Уақыты 1 Аудандық білім бөлімі 1 24.01.2008-30.01.2008 2 Махамбет селолық округі 3 24.01.2008-14.04.2008