1991 жылы туылған азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру пунктіне тіркеу өткізу туралы Қолданыста
Басқа 0
1991 жылы туылған азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру пунктіне тіркеу өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына және Атырау облысы әкімінің 2007 жылғы 7 желтоқсандағы № 30 «Атырау облысының 1991 жылы туған шешіміне сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. 1991 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктіне тіркеу 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында өткізілсін.
Тармақ 2
2. 1991 жылы туған азаматтарды әскери есепке тіркеу үшін төмендегі құрамда тіркеу комиссиясы құралсын:
Кадуов Руслан Мағзомұлы – аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Тұрдағалиев Жәнібек Жауқашұлы - аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Бисенова Айгүл Өтебалықызы – аудандық емхана дәрігер-невролог (келісім бойынша);
Рысмұқанбетов Қайрат Құбайдоллаұлы – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Сүндетбаева Нұрзила Сүндетбайқызы – аудандық емхана медбибісі, комиссия хатшысы; (келісім бойынша);
Тармақ 3
3. Аудандық емханадан ( С. Тайшыбай – келісім бойынша) аудандық медициналық комиссияны жергілікті емдеу мекемелеріндегі тиісті дайындығы,тәжірибесі бар дәрігерлермен, сондай-ақ, шақыру учаскелерінің қажетті дәрі-дәрмекпен, құралдармен және медициналық мүлікпен қамтамасыз етуді бақылауға алып, тіркеу комиссиясының құрамындағы медициналық комиссияны дәрігерлермен және медбибілермен қамтамасыз ету сұралсын. (№ 1 қосымша)
Тармақ 4
4. Барлық селолық, ауылдық округтер әкімдері мен мектеп директорына тіркелуші азаматтарды қажетті құралдармен, құжаттарын түгендеп, әскери есеп жөніндегі мамандары мен мектеп бойынша бастапкы әскери дайындық пәнінің жетекшілері аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің белгіленген уақытта әкелуді тапсырамын (№ 2 қосымша).
Тармақ 5
5. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасынан (С. Дәулетқалиева – келісім бойынша) тіркелуші азаматтардың бруцеллез ауруынан тазалығын анықтауды қамтамасыз ету сұралсын.
Тармақ 6
6. Аудандық ішкі істер бөлімінен (С. Жапақов – келісім бойынша) тіркеу пунктіне және көшеде қоғамдық тәртіпті сақтаудың шараларын алу, белгіленген мерзімде шақыру учаскелеріне келмеген адамдарды шұғыл іздестіру және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу, сондай-ақ азаматтардың тіркеуден жалтару әрекеттерін болдырмау жөнінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліммен (Р. Қадуов –келісім бойынша) бірлесіп жұмыс жасау сұралсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалысын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Қ. Базарбаевқа жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісемін:
Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы: С. Жапақов
Аудандық қорғаныс бөлімінің
бастығы: Р. Кадуов
Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасы бастығының міндетін
атқарушы: С. Дәулетқалиева
Аудандық орталық емхана бас
дәрігері: С. Тайшыбай
Басқа 9
Аудан әкімінің 2007 жылғы
«27» желтоқсандағы № 43
шешіміне қосымша № 1
Аудандық дәрігерлік комиссияға қатынасатын дәрігерлер тізімі
№ р/с
Аты-жөні
Қызметі
Қосымша
1
Бисенова Айгуль Өтебалықызы
Дәрігерлік комиссияның төрайымы
2
Асаснова Светлана Ғатауқызы
Дәрігер-стомотолог
3
Әбділдиева Гүлнар Молдашқызы
Дәрігер-дерматолог
4
Бисенғали Нәби Қойбағарұлы
Дәрігер-рентгенолог
5
Жаңабаева Жанар Амангельдіқызы
Терапевт-кардиолог
6
Елешов Аманжол Түгелбайұлы
Оториноларинголог
7
Көбенова Қарлығаш Бағытқызы
Дәрігер-фтизиатр
8
Қази Гүлзира Нығметқызы
Дәрігер-невропотолог, психиатр
9
Тайшыбай Сейфолла Саматович
Дәрігер -хирург
10
Медбикелер
6 адам
Басқа 10
Аудан әкімінің 2007 жылғы
«27» желтоқсандағы № 43
шешіміне қосымша № 2
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктіне келу кестесі
р/с
Селолық және ауылдық округтер
Саны
Келетін уақыты
1
Миялы селолық округі
35
14.01.2008ж.
2
Жангелдин ауылдық округі
19
22.01.2008ж.
3
Ойыл ауылдық округі
12
21.01.2008ж.
4
Көздіғара ауылдық округі
9
18.01.2008ж.
5
Тасшағыл ауылдық округі
23
17.01.2008ж.
6
Жамбыл ауылдық округі
13
16.01.2008ж.
7
Қызылқоға ауылдық округі
13
15.01.2008ж.
8
Сағыз ауылдық округі
47
23.01.2008ж.- 26.01.2008ж.
9
Мұқыр ауылдық округі
41
28.01.2008ж.
10
Тайсоған ауылдық округі
3
15.01.2008ж.
11
Қосымша күндер
30.01.2008ж.- 31.01.2008ж.
Барлығы
215