Қазақстан Республикасының 1991 жылы туған еркек жынысты азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының 1991 жылы туған еркек жынысты азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының 1991 жылы туған тіркеу жүргізілетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында «Қостанай облысы Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Селолар мен селолық округтердің әкімдері:
Тармақша 1
1) кестеге сәйкес бозбалаларға уақытында хабарлауды, олардың Науырзым ауданының шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) бозбалаларды жеткізуді адамдар тасымалдау үшін арнаулы жабдықталған көліктермен жүргізсін;
Тармақша 3
3) қосымша медициналық тексеруге жіберілген әскер жасына дейінгілерге бақылау жүргізсін.
Тармақ 3
3. «Науырзым ауданының білім беру бөлімі» (Б.Ә. Бимағамбетова), Қостанай облысы білім беру департаментінің Науырзым кәсіптік мектебі» (Ж.М. Шаяхметова) (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері кестеге сәйкес аудандық шақыру учаскесіне 1991 жылы туған бозбалалармен ілесіп жүру үшін бастапқы әскери даярлау оқытушыларын жіберу ұсынылсын.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Науырзым ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ғ.С. Көнеков) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) тіркеу жүргізілетін күндері қоғамдық тәртіпті қорғау үшін шақыру учаскесіне полиция қызметкерлерін болу;
Тармақша 2
2) кестеге сәйкес келу күндері әскер жасына дейінгілерді аудандық тіркеу комиссиясына жеткізу мақсатында полицияның учаскелік инспекторларын жіберу;
Тармақша 3
3) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіру және тіркеу учаскесіне жеткізу жөніндегі жұмыстарды өз құзыреті шегінде ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Меншік нысанына қарамастан ұйымдар, кәсіпорындармен мекемелер басшыларына азаматтардың әскер жасына дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босатылатынын ескеру ұсынылсын. Медициналық куәліктендіру, тіркеу жөніндегі комиссияның жұмысына тартылған мамандардың, тіркеуді өту кезеңінде тіркеуге жататын еркек жынысты азаматтардың жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақталады.
Тармақ 6
6. «Науырзым ауданының білім беру бөлімі» (Б.Ә. Бимағамбетова), «Қостанай облысы Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» (Қ.С. Сыздықов) (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері бірлесе отырып әскери оқу орындарына іріктеп алған үміткерлердің құжаттарын дайындауы қамтамасыз етілсін, бұқаралық ақпарат құралдар арқылы әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу басталғандығы туралы хабарландыру берілсін.
Тармақ 7
7. «Науырзым ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» (Г.Д. Тасқымбаева), «Науырзым ауданының қаржы бөлімі» (Р.Т. Бөдекенова) мемлекеттік мекемелерінің бастықтары 1991 жылы туған бозбалаларды тіркеуді қамтамасыз ету үшін бюджетте қарастырылған шығындар шегінде қажетті қаражат бөлсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.