Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола 1991 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Шортандинского района Қолданыста
Басқа 0
1991 жылы туған еркек жынысты азаматтарды Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17, 18 бабына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы қаулысына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 13) тармақшасына 1 тармағына 33 бабына, 37 бабына сәйкес азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын, алынған мамандығының жалпы білімдік деңгейін және дене дайындығының деңгейін анықтау мақсатында, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1991 жылы туған еркек жынысты азаматтарды және бұрын тіркеуден өтпеген жоғары жастағы азаматтарды Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 наурызға дейін ұйымдастырылсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Селолық (ауылдық) округтер және Жолымбет, Научный, Шортанды кенттері әкімдеріне, ауданының ұйымдарының басшыларына:
Тармақша 1
1) Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әскер жасына дейінгілердің сандық құрамын құжаттарды ұсынсын;
Тармақша 2
2) Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне азаматтарды белгіленген күн және сағатта алғашқы әскери дайындық оқытушысы жэне медициналық қызметкермен келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) азаматтар әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыстан (оқудан) босатылады.
Тармақ 3
3. Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекет мекемесі (әрі қарай - ММ) тіркеуді жүргізу уақытына бес адамнан тұратын техникалық қызметкерлер бөлсін.
Тармақ 4
4. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) тіркеуден жалтарушы тұлғаларды іздеуді жүргізіп, Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әкелсін;
Тармақша 2
2) тіркеуді жүргізу уақытына шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Шортанды ауданының «Қаржы бөлімі» ММ шақыруды жүргізуді қаржыландыруды 2008 жылға көзделген жергілікті бюджет көлемінде қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтарда туындаған құқықтық қатынастарға тарайды.
Тармақ 7
7. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Қ.Азденбаеваға жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.