Қолданыстағы ред. 28.11.2007

1991 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы от 28.11.2007 г. № 15 (1991 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы)

0

1991 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және Қазақстан Республикасындағы 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Бөкей ордасы ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөліміне 2008 наурыз айында 1991 жылы туған азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстарын жүргізу тапсырылсын.

2

2. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабы 8 – тармағына сәйкес, медициналық қызметкерлердің және басқа комиссия мүшелерінің, техникалық қызметкерлердің, шақыру пунктіне қызмет көрсетуші өзге де адамдардың жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан босатылуы қамтамасыз етілсін.

3

3. Аумақтық медицина бірлестігінен (Ә.Ғаббас) жолданған жастардың тұрақты емделуі мен денсаулықтарының толық қалпына келтірілуі үшін төмендегідей шаралар алу сұралсын:

1

1) Дәрігерлер мен медбикелер ауырып қалған жағдайда орнына сол мамандық бойынша дәрігер, медбикелер жіберу;

2

2) 1991 жылғы туған жастар арасында емдеу жұмысын1 сәуірге дейін;

3

3) 1991 жылғы туған жастар 025 – 1У формалы медициналық карталармен қамтамасыз ету;

4

4. Бөкей Ордасы ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы Б.Алтаяқовқа тіркеу жүргізу мерзімі кезінде тіркеу жөніндегі комиссияның дербес құрамын және оның жұмыс тәртібін аудан әкімдігіне бекітуге ұсыну тапсырылсын.

5

5. Бөкей Ордасы ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне жастарды тіркеу жұмысын атқаруға аудандық санитарлық – эпидемиялық стансасынан, М. Мәметова атындағы орта мектебінен, аудандық мәдениет бөлімінен 1-ші ақпаннан 20-шы наурызға дейін бір-бір техникалық қызметкерлер жұмыс орны мен атқаратын қызметті сақтала отырып жіберу сұралсын.

6

6. Тіркеу жұмысы жүргізілгенде Бөкей Ордасы ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің коменданты болып аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы Р.Кенжеғалиев белгіленсін.

7

7. Аудандық білім бөліміне (У.Нұрғалиев) дайындығы неғұрлым жақсы, денесі шыныққан ер балалар арасынан әскери оқу орындарында оқитын кандидаттар таңдау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тапсырылсын.

8

8. Аудандық электр тораптары мекемесінен (С.Унаев) жастарды тіркеу жұмысы жүрген кезінде таңертеңгі 9-дан кешкі сағат 6-ға дейінгі уақытта аудандық аурухананың рентген кабинетіне электр жарығының тұрақты беріліп тұруын қамтамасыз ету сұралсын.

19

19. Аудандық ішкі істер бөліміне (И. Бекқалиев) жастардың тіркеу учаскесіне қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету және тіркеу пунктіне келуден жалтарған 1990 жылғы туған жастарды іздестіруге, табуға және қорғаныс істер жөніндегі бөліміне жеткізуге көмектесетін арнайы полиция қызметкерлерін бөлу сұралсын.

10

10. Ауылдық окугі әкімдеріне:

1

1) Шақыртушыларды шақыру учаскесіне уақытында жеткізу және олардың толықтай тіркеуден өтуін бақылау жауапкершілігі жүктелсін;

2

2) Шақыртушыларды шақыру учаскесіне жетістіру үшін олардың басына ауылдық округі әкімі аппаратының маманы мен мектептен жауапты адамдар бөлу міндеттелсін;

3

3) Шақыртушыларды Бөкей Ордасы ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөліміне арнайы көлікпен жеткізуді ұйымдастырсын.

11

11. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жүзеге асыруды ұйымдастыру жөніндегі аудан әкімі аппаратының басшысы – аудандық комиссия төрағасының орынбасары Б.Н.Менешовке;

1

1) 1990 жылғы туған азаматтарды Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес тіркеу жұмыстарын өткізуді;

2

2) Тіркеу жұмыстарына комиссия мүшелерінің түгелдей қатысуын қамтамасыз етуді;

3

3) Осы қаулының орындалуы туралы ай сайын аудан әкіміне хабарлама беріп отыруды міндеттеймін.

12

12. Тіркеудің қорытындысы аудан әкімдінің кезекті отырысында қаралсын.
Келісемін:
Бөкей Ордасы ауданының қорғаныс істер жөніндегі
бөлімінің бастығы, майор Б.Алтаяқов
Келісемін:
Бөкей Ордасы аудандық
ауруханасының директоры Ә.Ғаббас
Келісемін:
Бөкей Ордасы ауданының ішкі істер
бөлімінің бастығы И.Бекқалиев
Келісемін:
Бөкей Ордасы ауданының
электр тораптарының бастығы С.Унаев