О проведении приписки граждан 1991 года рождения к призывному участку объединенного отдела по делам обороны города Балхаш Карагандинской области Қолданыста
Басқа 0
1991 жылы туған азаматтарды Қарағанды облысы Балқаш қаласы біріктірілген
қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімінің шақыру теліміне тіркеуді жургізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17, 18, 44 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының, 31 бабы 1 тармағының 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Балқаш қаласы біріктірілген қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімі (Бекмағамбетов Б.А.)
(келісім бойынша) 1991 жылы туған азаматтарды, сондай-ақ бұрын Балқаш қаласы біріктірілген қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімінің шақыру теліміне тіркелмеген жастары үлкен
азаматтарды тіркеу 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 наурызға дейін жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Мекеме, кәсіпорын, тұрғын-ұй коммуналдық шаруашылықтары, білім беру
мекемелерінің басшылары, тұрғын үйлерді пайдаланатын үй иелері, ұйымдардың кадр бөлімдері, меншілік нысанына және ведомстволық бағынушылығына қарамай, 1991 жылы
туған жастардың тізімдерін Қарағанды облысы Приозерск қаласы білім беру бөліміне берсін.
Тармақ 3
3. Мекеме, кәсіпорын мен ұйымдардың басшылары, мектептер мен басқа қоғамдық салалардың директорлары әскерге дейінгі жастарды медициналық тексеруден өту үшін және құжаттарды жинау үшін, шақыру қағаздарын алысымен жұмыстарынан, сабақтарынан босату ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Тіркеу науқанын ұйымдарстырып өткізу үшін төмендегі құрамдағы қалалық шақыру комиссиясы құрылсын:
комиссия төрағасы - Болат Әбдікешұлы Бекмағамбетов, Балкаш калалык біріктірілген
қорғаныс icтepi жөніндегі бөлім бастығы, подполковник;
комиссия төрағасының орынбасары - Манарбек Айдарканұлы Жұмаканов, қала әкімінің, орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Өміртай Төлеутайұлы Күлмағамбетов- Қарағанды облысы iшкi істер Департаменті 4 бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі:
Надежда Жұмахметқызы Елубаева, медициналық шақыру комиссиясының төрайымы, Қарағанды облысы денсаулық сақтау Департаментінің Қарағанды облысы әкімдігінің «№ 3 Балқаш қалалық поликлиникасы» КМҚК бөлімше меңгерушici.
комиссия хатшысы - Жазгүл Қаныбекқызы Дуйшеева, Қарағанды облысы денсаулық сақтау Департаментінің Қарағанды облысы әкімдігінің «№ 3 Балқаш қалалық поликлиникасы» КМҚК медбикесі.
Тармақ 5
5. Қарағанды облысының денсаулық сақтау департаментінің Балқаш аймақтық
өкілдігінің бастығы (М.О. Жанов) (келісім бойынша) шақырылушыларды сапалы куәландыру
мақсатында:
Тармақша 1
1) медициналық комиссия құрамына жоғары білікті дәрігір мамандар мен орта медициналық қызметкерлер бөлінсін (қосымшаға сәйкес);
Тармақша 2
2) шақыру мерзімінe рентгенкабинеттер мен флюрографиялық қоңдырғылардың
үздіксіз жұмысын ұйымдастырсын:
Тармақша 3
3)медициналық комиссияның дәрігер-мамандарымен қол қойылған жолдамаларға
сәйкес ауыратын- жастарды емделуін және стационарлық тексеруін жүргізуді қамтамасыз ету.
Тармақ 6
6. Қала әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиева орта білімдері жоқ және білім беру мекемелерінде оқымайтын жастарды есепке алып, мектептерге, оқыту үшін тіркесін. Қалалық
орта мектептердің жоғары сынып оқушылары арасынан үздіктерін таңдап әскери училищелерге оқуға жіберу жөніндегі жұмысты жургізсін. Балқаш қалалық қорғаныс icтepi
жөніндегі бөлімімен бірігіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдардың
азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесін бекіту
туралы" 2006 жылғы 24 мамырындағы № 449 қаудысын орындау мақсатында әскерге дейінгі
жастардын денешынықтыру дайындыгын және патриоттық тәрбиесін, қажетті әскери біліммен дағдыларды иемденулерін қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Қарағанды облысы iшкi icтep Департаменті 4 бөлімінің бастығы (С.С. Сейткұлов)
(келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушы жастар арасында алдын ала әскерге даярлау жұмыстарын
жандандырсын;
Тармақша 2
2) әскери міндетті орындаудан бас тартан шақырылушыларды анықтап, жеткізуін
ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) шақыру меріміне шақыру пунктінде теміржол және автомобіль көліктеріне отырғызы орындарында қоғамдық тәртіптің сақталуына пәрменді көмек көрсетсін.
Тармақ 8
8. Қала әкімінің орынбасары М.А. Жұмақанов жасалған келісім- шартқа және білім
беру бөлімінің бас маманының өтіміне сәйкес шақырылғандарды Приозерск қаласынан
Қарағанды облысы Балқаш қалалық біріктірілген қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімінің
медициналық комиссиясына алып бару және кepi қалаға алып қайту yшiн автокөлік жеткізушісін анықтасын.
Тармақ 9
9. Приозерск қаласының қаржы бөлімінің бастығы (Қ.Қ. Қошқаралиев) көрсетілген
шараларды icкe асыруға байланысты шығындарга кажетті каржыны бөлсін.
Тармақ 10
10. Приозерск қаласының білім беру бөлімінің бас маманы Н.С. Лопухинаға
азаматтарды шақыру бөліміне тіркеуді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі аралық бақылау
жүргізу жауаптылығы жүктелсін. Tipкey нәтижелері жөнінде қала әкімі 2008 жылғы 5
cәyipгe дейін хабардар етсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап заңды күшіне енеді.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын өзім бақылаймын.
КЕЛІСІЛДІ
Балқаш қаласының қорғаныс icтep жөніндегі
біріккен бөлімінің бастығы подполковник
_____________Б.Ә. Бекмағамбетов
2008 ж. «6» 02
Қарағанды облысының денсаулық сақтау
Департаментінің Балқаш аймағы бойынша
аймақтық өкілдерінің бастығы
_____________ М.О. Жанов
2008 ж. «12» 02
Қарағанды облысы ішкі істер Департаменті
4 бөлімінің бастығы полиция полковнигі
_____________ С.С. Сейтқұлов
2008 ж. «13» 02
Приозерск қаласы қаржы бөлімінің бастығы
_____________ Қ.Қ. Қошқаралиев
2008 ж. «13» 02
Басқа 19
Приозерск қаласының әкімдігінің
2008 жылғы «5» ақпан «1991 жылы туған азаматтарды
Қарағанды облысы Балқаш қаласы
біріктірілген қорғаныс icтepi
жөніндегі бөлімінің шақыру теліміне
тіркеуді жүргізу туралы» № 4/1 қаулысына
қосымша
1991 жылы туған азаматтарды шақыру
теліміне тіркеуді жүргізу
медициналық комиссияның
ҚҰРАМЫ
№ р/н
Дәрігер-мамандар
Құрамы
1
Медициналық комиссиясының төрайымы
Н.Ж. Елубаева
2
Комиссия хатшысы
Ж.К. Дуйшеева
3
Хирург
Х.Б. Сатимбеков
4
Терапевт
В.Ш. Ушакова
5
Офтальмолог
М. Туктибаев
6
Отоларинголог
Д.К. Серикова
7
Невропатолог
Т.К. Темирбаев
8
Психиатр
Е.А. Бурбель
9
Стоматолог
Ә.Ш. Тәбиев
10
Дерматолог
К.Ж. Дакенова