О проведении приписки граждан 1991 года рождения к Есильскому районному призывному участку Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1991 жылы туған азаматтардың Есіл аудандық шақыру учаскесіне тіркелуін жүргізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Әскери міндет пен әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының осы тіркеу жүргізілген жылы 17 жасқа толып отырған, сонымен бірге бұрын шақыру учаскесіне тіркелмеген жасы үлкен азаматтарын әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын анықтау, жалпы білім деңгейін және дене бітімі дайындығының деңгейін анықтау мақсатында, аудан әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 1991 жылы туған азаматтардың «Есіл ауданы қорғаныс істері бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудандық шақыру учаскесіне тіркелуі 2008 жылдың қаңтар айынан бастап наурыз айына дейін жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Есіл қалалық, Красногорский кенті, село және селолық округ әкімдері, сонымен бірге ұйым және мекеме басшылары (келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) тіркелу жүргізілу кезінде 1991 жылы туған азаматтарды жұмыстан (оқудан) босатсын;
Тармақша 2
2) жеке шақырылу қағаздарына сай уақытында жеткізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Есіл аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігеріне (Қайсарбеков О.Қ.) (келісімі бойынша) әскери шақырылушылардың сапалы медициналық тексерілуі үшін медициналық комиссияны маман- дәрігерлер және медбикелермен, медицина кабинеттерімен қамтамасыз ету, қажетті медикаменттер, медициналық құрал-жабдықтармен толықтырылуы, әскери шақырылушылардың стационарлық тексеріліп емделуіне және ауырған жасөспірімдердің емделуі үшін аудандық ауруханадан 20 төсек-орын дайындалып қамтамасыз ету нұсқалсын.
Тармақ 4
4. «Есіл аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Каримов С.В.) (келісімі бойынша) әскери тіркелуден жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыры шегінде жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. «Есіл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Паршин К.Г.) (келісімі бойынша) тіркеу жұмысының қортындысы туралы мәліметті Есіл ауданы әкімі аппаратына 2008 жылдың 5 сәуіріне дейін берсін.
Тармақ 6
6. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қатысты жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Смағұлов Ә.О.жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім Есіл аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелуге тиісті және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Келісілді: Әбсалиев Әділхан Жәлелұлы «Есіл ауданы білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы «12» ақпан 2008 жыл ҚайсарбековОрынбек Қабдоллаұлы «Есіл орталық аудандық ауруханасы мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері «12» ақпан 2008 жыл Каримов Санат Вокзалұлы «Есіл ауданының ішкі істер бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы «12» ақпан 2008 жыл. Ковгар Надежда Ивановна «Есіл аудандық емханасы» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері «12» ақпан 2008 жыл Паршин Константин Геннадьевич «Есіл аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім» мемлекеттік мекемесінің бастығы «12» ақпан 2008 жыл