О проведении приписки граждан 1992 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Нуринского района в 2009 году Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1992 жылы туған азаматтарды Нұра ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде 2009 жылы тіркеуді жүргізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес 1992 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу алуды уақытылы және сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасы қарулы Күштеріне, басқа да жасақтарға және әскери қалыптасуларға әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жассарту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1992 жылы туған азаматтардың тіркеуі Нұра ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесінде 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес тіркеу бойынша аудандық комиссиясының құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық медициналық бірлестігі (Еспаев Бөкеш Орақұлы - келісім бойынша):
Тармақша 1
1) 1992 жылы туған азаматтардың медициналық комиссиядан өту кестесін әзірлесін;
Тармақша 2
2) шақыру учаскесіндегі медициналық комиссияны қажетті мамандармен және медбикелермен, медициналық дәрі-дермек, құрал-жабдықтар және мүлікпен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) тіркеуге жататын азаматтарды лабораториялық, флюрографиялық зерттеуден өткізуді қамтамсыз етсін;
Тармақша 4
4) стационарда зерртеуден өту және емдеу үшін қажет орын бөлуді қарастырсын.
Тармақ 4
4. Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі (Жолболдин Қайролла Шәріпұлы – келісім бойынша):
Тармақша 1
1) маман дәрігерлермен, медбикелермен машық сабақтарын өткізсін;
Тармақша 2
2) аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінде тіркеуді өткізетін орын дайындасын;
Тармақша 3
3) өткізілетін шақырудың қорытындысы бойынша ақпаратты аудан әкімінің аппаратына 2009 жылдың 1 сәуіріне дейін ұсынсын.
Тармақ 5
5. Нұра аудандық ішкі істер бөлімі (Әпеков Қанат Ісләмұлы – келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауға өз құзыреті шегінде жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2) қорғаныс істер бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуге жататын азаматтарды ере жүруін және қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Нұра ауданының қаржы бөлімі (Баранов Николай Анатольевич) аталмыш шараларды өткізу үшін бюджеттен қаржы бөлсін.
Тармақ 7
7. Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Жүпенова Гүлнар Тақуқызы) мүгедек деп танылған барлық тіркеуге жататын азаматтар туралы мәліметтерді аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне хабарласын.
Тармақ 8
8. Ауыл және кент әкімдері тіркеуге жататын азаматтарға шақырылғаны туралы хабардар етсін және олардың шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы "1991 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде 2008 жылы тіркеуді өткізу туралы" (Қарағанды облысы Әділет Департаментінің Нұра ауданының Әділет Басқармасында 2007 жылдың 21 желтоқсанында тіркелінген, мемлекеттік тіркеу нөмірі 8-14-59, 2007 жылдың 29 желтоқсанында N 53 аудандық "Нұра" газетінде жарияланған) N 20/10 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Қ.І. Әпеков 18 қараша 2007 жыл КЕЛІСІЛДІ Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы Қ.Ш. Жолболдин 18 қараша 2007 жыл
Басқа 21. Тіркеу бойынша аудандық комиссияның құрамы:
Қосымша Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 18 қарашадағы N 18/08 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Тіркеу бойынша аудандық комиссияның құрамы: 1. Жолболдин Қайролла Шәріпұлы - комиссия төрағасы, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы 2. Гизатуллин Фаниль Фанауиевич - комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы 3. Сатемирова Бақытгүл Баймұратқызы - комиссия хатшысы, аудандық медициналық бірлестігінің жұмыскері (келісім бойынша) Комиссия мүшелері: 4. Протасенко Константин Викторович - Нұра ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) 5. Гизатуллина Лилия - Фанауиевна аудандық медициналық бірлестігінің дәрігер-терапевт (келісім бойынша)