О проведении приписки граждан 1992 года рождения к призывному участку Отдела по делам обороны Успенского района в январе-марте 2009 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында Успен ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде 1992 жылы туған азаматтарды тізімге алу туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес, 2009 жылы Успен ауданының шақыру учаскесінде 1992 жылы туған азаматтарды тізімге алуды ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. 2009 жылдың қаңтар – наурыз айларында 1992 жылы туған учаскесінде тіркеуден өткізілсін (келісім бойынша).
Тармақ 2
2. Азаматтарды тіркеуден өткізуді ұйымдастыруға басшылық жасау үшін аудандық комиссия құрылсын және оның дербес құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін (бұдан әрі - Комиссия).
Тармақ 3
3. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңын басшылыққа алсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енеді. Келісілді: Успен ауданының «Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Д. Буксман «2» желтоқсан 2008 ж. Успен ауданының «Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы С. Әлімбергенов «2» желтоқсан 2008 ж. Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау департаментінің «Успен орталық аудандық ауруханасы» қазыналық коммуналды мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері Р. Ибраева «2» желтоқсан 2008 ж.
Басқа 5
Успен ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 3 желтоқсан «2009 жылдың қаңтар – наурыз айларында Успен ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде 1992 жылы туған азаматтарды тізімге алу туралы» № 20 шешіміне қосымша Дмитрий Александрович Буксман – Успен ауданының «Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Тамара Витальевна Ильина – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Бектас Мақуұлы Шалбаев – Успен ауданының «Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Дария Зуфарқызы Алдабергенова – Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау департаментінің «Успен орталық аудандық ауруханасы» қазыналық коммуналды мемлекеттік кәсіпорнының дәрігері медициналық комиссия төрайымы (келісім бойынша) Елена Геннадьевна Тоқтарова – Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау департаментінің «Успен орталық аудандық ауруханасы» қазыналық коммуналды мемлекеттік кәсіпорнының медбикесі, медициналық комиссия хатшысы (келісім бойынша)