О проведении приписки граждан Атырауской области 1992 года рождения к призывным участкам в 2009 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау облысының 1992 жылы туған азаматтарын 2009 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару туралы" Заңының 29 бабын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы  N 29 "Қазақстан Республикасының Қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 "Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілерді және шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібінің Ережесін бекіту туралы" қаулысын басшылыққа алып ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Атырау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті (бұдан әрі - Қорғаныс істері жөніндегі департамент) (келісім бойынша) 2009 жылғы қаңтар-наурыз тіркеуден өтпеген жасы үлкен азаматтарын Атырау қаласы мен аудандардың шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастырып, жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Атырау қаласы мен аудандар әкімдері:
Тармақша 1
1) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу үшін тіркеу комиссияларын құрсын;
Тармақша 2
2) Атырау қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының (бұдан әрі - Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма) және Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдерінің (бұдан әрі - Қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдер) жоспарларына сәйкес азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) Департаменттің, Біріктірілген басқарманың және қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдердің өтінімдері бойынша шақыру учаскелеріне арналған орын-жаймен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, жабдықтармен, қажетті мөлшерде медициналық және техникалық қызметкерлермен, сондай-ақ автомобиль көлігімен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етсін. Шақыру учаскелеріне азаматтарды тіркеуді өткізу жөніндегі іс-шараларды орындаумен байланысты шығындарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырсын;
Тармақша 4
4) 1992 жылғы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу қорытындыларын 2009 жылғы 7 сәуірге дейін Атырау қаласы мен аудандар әкімияттарының мәжілістерінде қарасын.
Тармақ 3
3. Атырау облысы Ішкі істер департаменті (келісім бойынша) тіркеу кезеңінде шақыру учаскелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді, белгіленген мерзімде шақыру учаскелеріне келмеген тұлғаларды іздестіруді және Біріктірілген басқарма мен қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдерге жеткізуді ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы:
Тармақша 1
1) Атырау қаласы мен аудандардың тіркеу жөніндегі медициналық комиссияларын жергілікті емдеу мекемелерінің тиісті дайындығы және әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша жұмыс тәжірибесі бар тәжірибелі дәрігерлермен жиынтықтауды бақылауға алсын;
Тармақша 2
2) қажеттігіне қарай қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдердің өтінімдеріне сәйкес, облыстық емдеу мекемелерінің дәрігер-мамандарын аудандарға жіберсін;
Тармақша 3
3) тіркеу барысында анықталған сырқат азаматтармен емдеу- сауықтыру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырсын, емдеу мекемелерінде қажетті орын санын бөлсін, сондай-ақ сырқат шақырушыларды есепке алу және емдеу мекемелерінің жасөспірімдер кабинеттерінде олармен сауықтыру шараларын жүргізсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Н.Кемаловқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.