О проведении приписки граждан к призывному участку 1992 года рождения проживающих на территорий Шетского района в 2009 году Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шет ауданы аумағында тұратын 1992 жылы туған азаматтарды 2009 жылғы әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабын іске асыруда, Қазақстан Республикаcы Үкіметінің 2006 жылдың 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" N 371 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып, Шет ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 1992 жылы туған азаматтарды Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстары 2009 жылдың қаңтар-наурыз айы аралығында жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы Н. Әбдікешевке:
Тармақша 1
1) Аудандағы ұйымдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда жұмыс істейтін тіркеуге жататын азаматтардың тізімін сұратып алу;
Тармақша 2
2) Азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру шаралары жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныс беру тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау әкімінің орынбасары Ю. Бекқожинге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін заң күшіне енеді. Келісілді: Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы Н.Н. Әбдікешев