Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола 1992 года рождения к призывному участку в 2009 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылы шақыру учаскесіне 1992 жылы туған еркек жынысты азаматтарын тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1 тармағы, 13-тармақшасының 33-бабына сәйкес және "Әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3-тармағының негізінде ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2009 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын Қостанай қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білімдік деңгейі мен мамандығын белгілеу және дене даярлығының деңгейін анықтау, әскерге шақырушыларды алдын-ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша дайындау және әскери оқу орындарына түсу үшін үміткерлерді іріктеу мақсатында тұрғылықты жері бойынша тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. "Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) әскери жасына дейінгі азаматтарды медциналық куәландыру үшін тәжірибелі дәрігер-мамандар, сондай-ақ орта медициналық жұмыскерлер жіберсін;
Тармақша 2
2) әскер жасына дейінгі азаматтар үшін алдын-ала тексеруді қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) қалалық медициналық комиссиясының дәрігер-мамандарының жолдамасы бойынша әскер жасына дейінгі азаматтар үшін емдеу-сауықтыру мекемелерінде кезектен тыс қосымша тексеруді қамтамасыз етсін;
Тармақ 3
3. "Қостанай қаласы әкімиятының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы: 2009 жылдың қаңтар-наурызындағы тіркеуді ұйымдастыру және өткізумен байланысты іс-шаралардың қаржыландыруын "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шығыстар сметасында көзделген ассигнованиялары есебінен қамтамсыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми түрде жарияланған он күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін қолданысқа енеді және 2009 жылдың 9 қаңтар айынан бастап пайда болған іс-әрекеттерге таратылады.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.К. Жүндібаевқа жүктелсін.