Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола 1992 года к призывному участку в 2009 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2009 жылы шақыру учаскесіне 1992 жылы туған еркек жынысты азаматтардың тіркелуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. 2009 жылғы қаңтар-наурызда Арқалық қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған, тіркеуге алынатын жылда 17 жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын тіркеу ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Ауылдар және ауылдық округтер әкімдері жасөспірімдердің шақыру учаскесіне бекітілген кестеге сәйкес тіркеуден өтуі үшін ұйымшылдықпен келуіне шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. "Арқалық қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) тіркеу учаскесіне тіркеуге тұрудан бой тасалап жүрген адамдарды іздестіру және тіркеу учаскесіне жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. "Арқалық қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі медициналық комиссияны қаржыландыруды, сондай-ақ қарастырылған қаржы бөлу шегінде қалалық бюджет есебінен емдеу-алдын алу мекемелерінде медициналық тексерулерді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. "Қостанай облысы Арқалық қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығына (келісім бойынша), "Арқалық қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығымен (келісім бойынша) бірлесіп, әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жұмыстары басталғаны туралы оқу орындарын хабардар етуіне, бастапқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушыларын әскери-оқу орындары жөніндегі олардың жұмыстарын ұйымдастыру, әскери-оқу орындары жөніндегі анықтамалық материалдармен қамтамасыз етуге, олардың жұмысын ұйымдастыруға, әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі жұмыстың басталғаны туралы ақпарат құралдары арқылы ақпараттар беруге ұсыныс жасаймын. Тіркеу кезінде әрбір әскерге шақырушылармен әскери-оқу орнына түсуге арналған әскери-кәсіби бағдарлау мақсатындағы жекелей әңгімелер еткізілсін.
Тармақ 6
6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау әкімнің орынбасары Қ.Ш. Шаяхметовке жүктелсін.