О проведении приписки к призывному участку Железинского района юношей 1992 года рождения Қолданыста
Басқа 0
1992 жылы туған бозбалаларды Железин ауданының әскерге шақырту учаскесіне есепке алу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеткерлік пан әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды есепке қою тәртібі туралы Ережелеріне сәйкес, ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. 2009 жылдың қантар-наурыз айларында 1992 жылы туған, есепке алу мерзімінде 17 жасқа толған бозбалаларды және бұрын әскерде болмаған, жастары асқандарды (бұдан әрі - азаматтар) Железин ауданының әскерге шақырту учаскесіне (бұдан әрі – шақытру учаскесі) есепке алу жұмыстары жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Ауданның селолық округ әкімдеріне:
әскерге шақырушыларға уақытылы хабарлаумен қатар, аданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізуді қамтамыз етсін;
қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақырушыларды есепке қою жұмысына көмек берсін;
азаматтарды әскерге шақыру учакесіне тіркеі жұмысы аяқталған соң, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тізіміне сәйкес, тексеріс жасасын.
Тармақ 3
3. Железин аудандық орталық ауруханасының бас дәрігеріне (келісім бойынша):
медициналық анықтаудан өткізу үшін білікті дәрігер – мамандар мен медициналық қызметкерлерді тағайындасын;
есепке тұратын азаматтарды талапқа сай тексерілуден өткізсін;
стационарда тексерілетіндерге Железин аудандық орталық ауруханасынан қажетті жатын-орын беріліп, мұқтаждарды зерттеп және ем-шарамен қамтамасыз етсін;
Железин ауданының әскерге шақырту учаскесіне есепке алуға 1992 жылы туған бозбалаларды комиссиядан өткізу жұмысында дәрігерлік тексерулі мен диспансерлік бақылаудан өткен азаматтардың денсаулығын сипаттайтын медициналық, амбулаторлық карталарына қосымша парағымен қатысу үшін селолық дәрігерлік амбуоаториялардың аға дәрігерлі қатысуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Ауданның ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) әскерге шақырту учаскесінде қоғамдық тәртіп орнатумен қатар, әскери тіркелі мен медициналық тексеруден өтуден бас тартушыларды іздеп және табуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Бекітілсін:
Железин ауданының азаматтарды әскерге шақырту учаскесіне азаматтарды есепке алу комиссиясының құрамы 1-қосымшаға сәйкес;
Железин ауданының азаматтарды әскерге шақырту учаскесіне азаматтарды есепке алу комиссиясының қосалық құрамы 2-қосымшаға сәйкес.
Тармақ 6
6. Ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне (Доскереев Қ.Б) 2009 жылғы аудан бюджетінен есепке алу науқанын өткізу үшін қаржы бөлу тапсырылсын.
Тармақ 7
7. Ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (келісім бойынша) есепке алу барысы бойынша аудан әкімін апта сайын ақпараттандырып, қорытындысында есепке алу жұмысының нәтижесі туралы ақпарат берсін.
Тармақ 8
8. Железин ауданы әкімінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы «1991 жылы туған бозбалаларды әскерге шақырту учаскесіне есепке алуды өткізу туралы» № 29 шешімінің (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуге алу Тізілімінде № 12-6-48 нөмірімен тіркелген, аудандық «Родные просторы» газетінің 2008 жылғы 12 қантардағы № 3 нөмірінде жаряланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 9
9. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.М. Каппасовқа жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.
Келісілді
Железин ауданы қорғаныс
Істері жөніндегі бөлімінің бастығы С. Сүлейменов
2008 ж. «10» желтоқсан
Келісілді
Железин ауданы ішкі істер
Бөлімінің бастығы
М. Сейталин
2008 ж. «10» желтоқсан
Келісілді
ОДД өкілі –Железин аудандық
Ауруханасының бас дәрігері Г. Оспанова
2008 ж. «10» желтоқсан
Басқа 11. Железин ауданының азаматтарды әскерге шақырту учаскесіне есепке салу комиссиясының ҚҰРАМЫ
Железин ауданы әкімінің
2008 жылғы «09» желтоқсан
№ 26 шешіміне 1-қосымша
Железин ауданының азаматтарды әскерге шақырту учаскесіне есепке салу комиссиясының ҚҰРАМЫ
Сүлейменов
Сұңқар Айдарханұлы – ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Қаппасов Балтабай Мәдениұлы – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы орынбасары
Модоғұлова Айгерим Жәскеқызы – шақыру комиссиясының хатшысы (келісім бойынша)
Тоқсанов Бауыржан Сәбитұлы – ауданның ішкі істер бөлімінің өкілі (келісім бойынша)
Төлеуов Бектемір Кәкімұлы – дәрігер, медициналық комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Басқа 12. Железин ауданының азаматтарды әскерге шақырту учаскесіне есепке алу комиссиясының қосалық ҚҰРАМЫ
Железин ауданы әкімінің
2008 жылғы «09» желтоқсан
№ 26 шешіміне 2-қосымша
Железин ауданының азаматтарды әскерге шақырту учаскесіне есепке алу комиссиясының қосалық ҚҰРАМЫ
Гринев Александр Сергеевич – ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары, аймақтыұ қорғаныс және жаппай жұмылдыру бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Ақанов Уәлтолла Қабиболлаұлы – ауданның ішкі істер бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы орынбасары
Смағулова Гүлзат Жұбайқызы –шақыру комиссиясының хатшысы (келісім бойынша)
Балтабаева Алмагүл Оразқызы – ауданның ішкі істер бөлімінің өкілі (келісім бойынша)
Шнайдер Владимир Богданович – дәрігер, медициналық комиссия төрағасы (келісім бойынша)