1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы Қолданыста
Басқа 0
1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес және 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
Тармақ 1
1. Май ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (С. Бектемиров келісім бойынша) 17 жасқа толатын азаматтарды 2009 жылғы қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеу жұмысын жүргізсін.
Тармақ 2
2. Ауданда азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарын өткізу үшін 1-қосымшаға сәйкес комиссия құрылсын.
Тармақ 3
3. Май аудандық орталық аурухананың бас дәрігері (Б. Қазбеков келісім бойынша) азаматтарды дәрігерлік тексеру кезеңінде:
Тармақша 1
1) ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімін қажет маман - дәрігермен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) дәрігерлік комиссияның қосымша тексеруге жіберілген азаматтарды қабылдау үшін стационарда жату орындарын ұйымдастырсын, амбулаториялық, стационарлық тексеру шығындарын ауылдық дәрігерлік амбулаториялар арқылы өтілуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) азаматтарға барлық вакцинация егу түрлері жүргізілсін;
Тармақша 4
4) ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне қажетті дәрі-дәрмектер, кұрал - жабдықтар, мүліктер бөлінсін;
Тармақша 5
5) тіркеу қорытындысы бойынша ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен түскен № 1, № 2 тізімдердегі әскерге шакырылушылардың емделуін бақылауға алып, оның нақты орындалуы туралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарласын.
Тармақ 4
4. Ауыл және селолық округ әкімдері барлық меншік нысаны кәсіпорын басшылары 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Май ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелетін азаматтарға шақыру қағазын беріп, олардың комиссиядан өтетін күндерінде болуын қамтамасыз етіп, тізімін, мінездемесін, отбасы туралы анықтамасын, жұмыс, оқу орнынан анықтамасын, білімі жөніндегі құжатының көшірмесі, 6 дана 3х4 фотосуретін ұсынсын.
Тармақ 5
5. Ауыл және селолық округ әкімдеріне азаматтардың шақыру учаскесіне қажетті құжаттармен келуін қамтамасыз ету, бақылау жұмыстары жүктелсін.
Тармақ 6
6. Май аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы (С.И. Мұқатаев) ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімін құжаттармен жұмыс істеуге көмек қөрсету үшін 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында үш техникалық жұмыскермен қамтамасыз етсін. Еңбекақыны Май аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы өтілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Май аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (Т. Андасов келісім бойынша) азаматтарды шакыру учаскесініне тіркеу кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында полиция қызметкерін бекітсін.
Тармақ 8
8. Май аудандық қаржы бөлімінің бастығы (Ә. Қоныржанов), аудан әкімі аппаратының басшысы (А. Байғалиев) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмысын қамтамасыз етуге байланысты ауданның қорғаныс істері жөніндегі есебі бойынша қаржы бөлінсін.
Тармақ 9
9. Азаматтарды селолық округтерден тіркеу уческесіне және тексерілуге дәрігерлік мекемелерге жеткізу шараларын қамтамасыз ету үшін аудан әкімі аппараттың басшысы (А. Байғалиев) автокөлікті жалға алу туралы келісім шарт жасасын.
Тармақ 10
10. Ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен кейін қолданысқа етізіледі.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.
Келісілді:
2008 жылғы 18 желтоқсан
Май ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің
бастығы, майор С. Бектеміров