Құжат мәтініне өту

1992 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы

Өзге акт · № 1 · қабылданған 12.01.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 01.04.2009 редакциясы
https://adilet.kz/laws/1992-ekb-43488/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
1992 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 ·12.01.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

1992 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы

ҚАЗ1992 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 · қабылданған 12.01.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
1992 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
Атауы (қаз.)
1992 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
12.01.2009
Көрсетілген редакция
01.04.2009 · қолданыстағы AI43488_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
01.04.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09DQ000068
ЭКБ идентификаторы
43488
Редакция идентификаторы
AI43488_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:03

0 1992 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы

Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17, 18 баптарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуге алуды уақытылы және сапалы жүргізу үшін аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. 2009 жылғы қаңтар – наурыз айларында 1992 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алынсын.

2 2. Ауылдық, поселкелік, қалалық округтердің әкімдері:

1 1) 1992 жылы туылған, сондай-ақ жасы ұлғайған азаматтардың шақыру учаскесіне тіркеуге алынуын қамтамасыз етсін;

2 2) азаматтардың медициналық куәландырудан өткізілуін қамтамасыз ету үшін олардың учаскесіне жеткізілуін қадағаласын.

3 3. "Сарқан ауданының орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (М.С.Долаева):

1

1) 2009 жылғы "Сарқан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне 1992 жылы туылған, амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрған жастардың тізімін тапсырсын;

2 2) тіркеуге алуға дейін 1992 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін.

4 4. Сарқан аудандық ішкі істер бөлімі (М.Т.Жексінбаев):әскерге шақыру учаскесінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіру топтарын құрсын.

5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Сарбасовқа жүктелсін.

6 6. Осы шешім баспасөзде алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі                                С. Бекішов