О проведении приписки граждан 1992 года рождения к призывному участку Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әскерге шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарды тіркеуге өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес, ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Әскерге шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарды тіркеуді 2009 жылдың қаңтарынан наурызына дейін жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Долинка, Новодолинский, Шахан кентінің әкімдері (Е.О. Солтабаев, З.С. Жапарова, А.Е. Клюев) азаматтардың ұйымдастырылған міндетті келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Б.К. Егишев әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеуге алу және ұйымдастыру мәселесі жөнінде үйлестіру кеңесін өткізсін.
Тармақ 4
4. Әскерге шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарды тіркеуге алу қорытындысы туралы ақпарат қала әкімінің аппаратына 2009 жылдың 10 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімінің орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Б.К. Егишевке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.