О проведении приписки граждан 1992 года рождения к призывному участку Управления по делам обороны города Петропавловска Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1992 жылы туған азаматтарды Петропавл қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 - тармағы 8 - тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу Ережесін бекіту туралы» № 371 Қаулысының 2 бөліміне сәйкес, 1992 жылы туған азаматтарды Петропавл қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне уақытылы және сапалы тіркеуді қамтамасыз ету мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1992 жылы туған азаматтарды тіркеу 2009 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін Универсальная көшесі, 3 мекен-жайындағы Петропавл қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскерге шақыру учаскесі ғимаратында өткізілсін.
Тармақ 2
2. Азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі комиссияның дербес құрамы 1 қосымшаға сай бекітілсін.
Тармақ 3
3. Азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу кестеге сәйкес 2 қосымшаға сай бекітілсін
Тармақ 4
4. Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Э.А. Байжүнісов (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскерге шақыру учаскесін қажетті құралдармен, дәрі-дәрмекпен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) тіркелуге тиіс азаматтарды медициналық куәландыру үшін дәрігер-мамандар және орта медициналық персонал тағайындасын;
Тармақша 3
3) жасөспірімдерді емдеу-алдын алу мекемелерінде стационарлық тексеру үшін 5-7 төсек-орыннан бөлінсін;
Тармақша 4
4) медициналық комиссияның жұмысына қатысатын тіркеу комиссиясының мүшелері, дәрігер-мамандар мен медбибілер 2009 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін тіркеу жүргізу кезеңіне негізгі міндеттерінен босатылсын;
Тармақша 5
5) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қаланың барлық емдеу мекемелерінен 1992 жылы туған жасөспірімдердің барлығына амбулаторлық, диспансерлік Ф № 025/у және Ф № 025-1/у карталары Петропавл қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына тапсырылсын.
Тармақ 5
5. «Петропавл қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Палаткин В.С. 2009 жылға арналған қала бюджетінде осы мақсаттарға көзделген сомаға сәйкес, азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу бойынша іс-шараларды қаржыландыруды және автомобиль көлігімен қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Петропавл қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы Саутбеков Қ.Н. 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу қорытындысы туралы ақпаратты 2009 жылғы 10 сәуірге дейін қала әкіміне ұсынсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Н. Құлжановаға жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 14. Комиссия мүшелері:
Қала әкімдігінің 2008 ж. 23 желтоқсан № 2059 қаулысына 1 қосымша Азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі комиссияның ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ Саутбеков комиссия төрағасы, Петропавл қ. Қалиолла Нұрланұлы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы, полковник Әбіжанов комиссия төрағасының орынбасары, Қайрат Мұратұлы қала әкімі аппараты заң бөлімінің бастығы Рахметова комиссия хатшысы Райхан Сәткенқызы Комиссия мүшелері: Дегтярева дәрігер, медициналық Татьяна Прокопьевна комиссияның төрайымы Тұртаев ішкі істер басқармасы бастығының кадр Жайнақ Балтабайұлы және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Комиссияның төрағасы және мүшелері дәлелді себептермен болмаған жағдайда комиссияның жеке құрамына мыналарды енгізуге рұқсат берілсін: Четверов комиссия төрағасы, Петропавл қаласы Игорь Геннадьевич әскери қызметшілерді келісім шарт түрінде алу және шақыру бөлімінің бастығы, майор Алтынбекова комиссия төрағасының орынбасары, Гүлжан Қайырханқызы қалалық білім бөлімінің бастығы Бекчурина комиссия хатшысы Эльмира Равильевна Комиссия мүшелері: Елеукина дәрігер, медициналық Майра Рақымжанқызы комиссия төрағасы Деров ішкі істер басқармасы кадрлар Александр Иванович бөлімінің бастығы, полиция майоры
Басқа 15
Қала әкімдігінің 2008 ж. 23 желтоқсан № 2059 қаулысына 2 қосымша 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу бойынша комиссиясының жұмыс КЕСТЕСІ № р/б Оқу орынның атауы Шақыру учаскесіне тіркеуге жататын жасөспірімдер- дің саны Комиссия өту күні 1 2 3 4 1 № 8 Орта мектебі № 31 Негізгі мектебі 50 12.01.09 2 № 5 Орта мектебі «Лорд» лицейі № 6 Орта мектебі 48 13.01.09 3 № 4 Орта мектебі № 23 Орта мектебі № 13 Орта мектебі 50 14.01.09 4 № 7 Орта мектебі № 14 Орта мектебі 50 15.01.09 5 № 10 Орта мектебі Спортқа дарынды балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат 50 16.01.09 6 № 17 Орта мектебі Саңырау балаларға арналған облыстық мектеп-интернат № 24 Орта мектебі 49 19.01.09 7 № 40 Орта мектебі С.Радонежский атындағы мектебі № 26 Орта мектебі 49 20.01.09 8 № 21 Орта мектебі № 5 Кәсіби лицей № 16 Негізгі мектебі 50 21.01.09 9 № 9 Орта мектебі № 1 мектеп интернаты 50 22.01.09 10 «Бэст» гимназиясы № 20 Орта мектебі № 2 қалпына келтіру нтернаты 48 23.01.09 11 Экономика және заң колледжі Өнер колледжі М.Жұмабаева атындағы мектеп-лицей 50 26.01.09 12 № 2 Орта мектебі 50 27.01.09 13 М.А. Айтхожин атындағы № 1 Орта мектебі 50 28.01.09 14 «Дарын» лицейі 49 29.01.09 15 Спортқа дарынды балаларға арналған Солтүстік Қазақстан облысының арнайы мектеп-интернаты «Аль-Фараби» лицей-мектебі СҚМУ көп кәсіптік колледжі 49 30.01.09 16 Бірінші гимназия ЕС 164/6 49 02.02.09 17 Бірінші жалпыбілімділік лицейі Медициналық колледжі 49 03.02.09 18 Досмухамбетов атындағы интернат № 43 Орта мектебі 50 04.02.09 19 № 42 Орта мектебі № 44 Орта мектебі Психоневрологиялық интернат үйі 50 05.02.09 20 № 12 Орта мектебі № 32 Орта мектебі 45 06.02.09 21 № 1 кәсіптік лицей 50 09.02.09 22 М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжі 50 10.02.09 23 Қалалық классикалық гимназия 48 11.02.09 24 Петропавл қаласының құрылыстық экономикалық колледжі 50 12.02.09 25 Петропавл қаласының құрылыстық экономикалық колледжі 50 13.02.09 26 Қазақ мектеп гимназиясы 50 16.02.09 27 СҚМУ колледжі 98 17.02.09 18.02.09 28 Солтүстік Қазақстан облысының кәсіптік педагогикалық колледжі 79 19.02.09 20.02.09 29 Гуманитарлық-техниикалық колледжі 138 23.02.09  - 25.02.09 дейін 30 Петропавл қаласының темір жол көлігінің колледжі 242 26.02.09 - 04.03.09 дейін 31 № 2 кәсіптік лицейі 54 05.03.09 32 Жолдама бойынша тексерістен өткендер 06.03.09 - 31.03.09 дейін