О проведении приписки граждан 1992 года рождения к призывному участку объединенного отдела по делам обороны города Балхаш Карагандинской области Қолданыста
Басқа 0
1992 жылы туған азаматтарды Қараганды облысы Балқаш қаласы біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру теліміне тіркеуді жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, қала әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Балқаш қаласы біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Бекмағамбетов Б.Ә. келісім бойынша) 1992 жылы туған азаматтарды, сондай-ақ бұрын Балқаш қаласы біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру теліміне тіркелмеген жастары үлкен азаматтарды тіркеу 2009 жылғы қаңтар-наурыз аралығында жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Мекеме, кәсіпорын, тұрғын-ұй коммуналдық шаруашылықтары, білім беру мекемелерінің басшылары, тұрғын үйлерді пайдаланатын үй иелері, ұйымдардың кадр бөлімдері, меншік нысанына және ведомстволық бағынушылығына қарамай, 1992 жылы туған жастардың тізімдерін Қарағанды облысы Приозерск қаласы білім беру бөліміне берсін.
Тармақ 3
3. Мекеме, кәсіпорын мен ұйымдардың басшылары, мектептер мен басқа қоғамдық салалардың директорлары әскерге дейінгі жастарды медициналық тексеруден өту үшін және құжаттарды жинау үшін, шақыру қағаздарын алысымен жұмыстарынан, сабақтарынан босату ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары М.А. Жұмақановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімі ресми жарияланған күннен бастап заңды күшіне енеді.
"КЕЛІСІЛДІ"
Балқаш қаласы біріктірілген қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің бастығы
подполковник
_________________Б.Ә. Бекмағамбетов
2009 ж. 21 қаңтар