О проведении приписки граждан 1992 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Осакаровского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Осакаров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесінде 1992 жылы туған азаматтарға тіркеу өткізу туралы "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына сәйкес "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағы 13 тармақшасының, 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы" қаулысының 13 тармағына, 2006 жылғы 31 наурыздағы N 226 Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу Ережесін бекіту туралы" қаулысының 3 бөліміне сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарға Осакаров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскелерінде 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркеу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Көбжанов Нүркен Сайфиддинұлына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.