Об организации и обеспечении проведения приписки граждан Республики Казахстан 1992 года рождения к призывному участку объединенного отдела по делам обороны Костанайского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай ауданының қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған Қазақстан Республикасы азаматтарының тіркеуін өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабына сәйкес, "Әскери міндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабын іске асыру мақсатында ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. 2009 жылдың қаңтар-наурызында Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған Қазақстан Республикасының ер жынысты азаматтарын тіркеуді өткізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Селолық округтар, селолар, Затобол кенті әкімдері тіркеу өткізу кезеңінде Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің шақыру учаскесіне шақырылушыларды хабардар етуді және олардың уақытында келуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. "Қостанай аудандық орталық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігеріне (келісім бойынша) тіркеу өткізу кезеңінде мыналар ұсынылсын:
Тармақша 1
1) шақыру орнын дәрігер - мамандармен және орта медициналық қызметкерлермен жинақтау
Тармақша 2
2) тұрақты тексерілу үшін орындар қамтамасыз ету.
Тармақ 4
4. "Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) тіркеу жүргізу кезеңінде медициналық және тіркеу комиссиясынан өту кезінде әскерге шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті қолдану үшін Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне полицияның екі қызметкерін бөлу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. "Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығымен бірлесіп тіркеу өткізу кезеңінде:
Тармақша 1
1) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеудегі тапсырманы оқу орындарына жеткізсін
Тармақша 2
2) алғашқы әскери даярлаудың оқытушы - ұйымдастырушыларын әскери-оқу орындары туралы анықтамалық материалдармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыстың басталғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландыру берсін, олардың жұмысын ұйымдастырсын;
Тармақша 4
4) тіркеу уақытында әскери-оқу орына түсудегі әскери - кәсіптік бағдарлау мақсатында әскерге шақырылушылардың әрқайсысымен жеке-жеке әңгімелесу өткізсін.
Тармақ 6
6. Қостанай ауданы әкімиятының "Қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2009 жылға қарастырылған қаржы бөлу шегінде Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарының тіркеуін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралардың қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. "Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1991 жылы туған Қазақстан Республикасы азаматтарының тіркеуін өткізу туралы" Қостанай ауданы әкімінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 21 шешімі күшін жойды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілердің Тіркелімінде мемлекеттік тіркеу 2008 жылғы 19 қаңтардағы нөмірі 9-14-66 болып тіркелген, 2008 жылдың 2 ақпандағы № 4 аудандық "Көзқарас-Взгляд" газетінде жарияланған).
Тармақ 8
8. Осы шешімінің орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ч. Досжановқа жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап шыққан қатынастарға таратылады.