1992 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру пунктіне тіркеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1992 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру пунктіне тіркеу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 "Әскери  міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына және  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. 1992 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаныс істері       жөніндегі бөлімнің шақыру пунктіне тіркеу 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында өткізілсін.
Тармақ 2
2. 1992 жылы туған азаматтарды әскери есепке тіркеу үшін N 1   қосымшаға сәйкес тіркеу комиссиясы құрылсын.
Тармақ 3
3. Аудандық емханаға (С. Тайшыбай - келісім бойынша) аудандық медициналық комиссияны жергілікті емдеу мекемелеріндегі тиісті дайындығы, тәжірибесі бар дәрігерлермен, сондай-ақ, шақыру участкелерін қажетті дәрі-дәрмекпен, құралдармен және медициналық мүлікпен қамтамасыз етуді бақылауға алып, тіркеу комиссиясының құрамындағы медициналық комиссияны дәрігерлермен және медбибілермен қамтамасыз ету ұсынылсын (N 2 қосымша).
Тармақ 4
4. Барлық селолық, ауылдық округтер әкімдері мен мектеп директорларына тіркелуші азаматтарды қажетті құралдармен, құжаттарын түгендеп, әскери есеп жөніндегі мамандары мен мектеп бойынша бастапқы  әскери дайындық пәнінің жетекшілері аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің белгіленген уақытта әкелуді тапсырамын (N 3 қосымша).
Тармақ 5
5. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының Қызылқоға аудандық бөліміне (Г. Дәулетқалиева - келісім бойынша) тіркелуші азаматтардың бруцеллез ауруынан тазалығын анықтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Аудандық ішкі істер бөліміне (І. Хамзин - келісім бойынша) тіркеу пунктіне және көшеде қоғамдық тәртіпті сақтаудың шараларын алу, белгіленген мерзімде шақыру участкелеріне келмеген адамдарды шұғыл іздестіру және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу, сондай-ақ азаматтардың тіркеуден жалтару әрекеттерін болдырмау жөнінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліммен (Е.Нұров - келісім бойынша) бірлесіп жұмыс жасау ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалсын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Б. Шаяхметовке жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9
Аудан әкімінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 35 шешіміне N 1 қосымша 1992 жылы туған азаматтарды әскери есепке тіркеу комиссиясының құрамы Нұров Есенбай Сәмекұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы, комиссия төрағасы (келісім
Тармақша бойынша
бойынша); Тұрдағалиев Жәнібек Жауқашұлы - аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі комиссия төрағасының орынбасары; Комиссия мүшелері: Бисенова Айгүл Өтебалықызы аудандық емхана дәрігер-невролог (келісім бойынша); Рысмұқанбетов Қайрат Құбайдоллаұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім
Тармақша бойынша
бойынша); Сүндетбаева Нұрзила Сүндетбайқызы - аудандық емхана медбибісі, комиссия хатшысы (келісім
Тармақша бойынша
бойынша)
Басқа 13
Аудан әкімінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 35 шешіміне N 2 қосымша Қызылқоға ауданының дәрігерлік комиссиясына қатынасатын дәрігерлер тізімі N р/с Аты-жөні Қызметі Қосымша 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 Бисенова Айгүл Өтебалықызы Асанова Светлана Ғатауқызы Әбділдиева Гүлнар Молдашқызы Бисенғали Нәби Қойбағарұлы Жаңабаева Жанар Амангелдіқызы Елешов Аманжол Түгелбайұлы Көбенова Қарлығаш Бағытқызы Қази Гүлзира Нығметқызы Тайшыбай Сейфолла Саматович -//- Медбибілер дәрігерлік комиссия төрайымы дәрігер-стоматолог дәрігер-дерматовенеролог дәрігер-рентгенолог дәрігер-терапевт дәрігер-оториноларинголог дәрігер-фтизиатр дәрігер-невропатолог, психиатр дәрігер-хирург дәрігер-офтальмолог 6 адам ауданда жоқ
Басқа 14
Аудан әкімінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 35 шешіміне N 3 қосымша Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру пунктіне келу кестесі Р/с Селолық және ауылдық округтер Саны Келетін уақыты 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 Миялы селолық округі Жангелдин ауылдық округі Ойыл ауылдық округі Көздіғара ауылдық округі Тасшағыл ауылдық округі Жамбыл ауылдық округі Қызылқоға ауылдық округі Сағыз ауылдық округі Мұқыр ауылдық округі Тайсойған ауылдық округі Қосымша күндер БАРЛЫҒЫ: 45 18 20 15 22 27 15 60 30 9 - 261 Қаңтар айы Қаңтар айы Қаңтар айы Қаңтар айы Қаңтар айы Қаңтар айы Қаңтар айы Қаңтар айы Қаңтар айы Қаңтар айы