Об организации и обеспечении проведения приписки граждан мужского пола Республики Казахстан 1992 года рождения к призывному участку объединенного отдела по делам обороны Костанайского района Қолданыста
Басқа 0
1992 жылы туған еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз ету туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3-тармақшасын жүзеге асыру мақсатында ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. 1992 жылы туған еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың қаңтар-наурызында Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және жүргізу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Ауданның селолық округтер мен селолар әкімдері тіркеу жүргізу кезеңінде әскерге шақырылушыларды хабардар етуді және Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген болімінің шақыру учаскесіне келуін ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. "Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының Алтынсарин орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының бас дәрігеріне (Ж.Қ. Қуанова) (келісім бойынша) тіркеу жургізу кезеңінде ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын:
Тармақша 1
1) әскерге шақыру пункті дәрігер-мамандар мен орта буын медициналық қызметкерлермен;
Тармақша 2
2) стационарлық тексеру үшін орындармен қамтамасыз ету.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысы ішкі істер басқармасының Алтынсарин ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (Б.С. Ағаділов) (келісім бойынша) тіркеу жургізу кезеңінде тіркеу комиссиясынан өту кезеңінде әскерге шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті ұстау үшін Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне полицияның екі қызметкерін бөлу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. "Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Д.С. Айсин) (келісім бойынша) және "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (А.Н. Грынькив) тіркеуді жүргізу кезеңінде:
Тармақша 1
1) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеудегі тапсырманы оқу мекемелеріне жеткізсін;
Тармақша 2
2) бастапқы әскери даярлаудың оқытушы-ұйымдастырушыларын әскери-оқу орындары жөніндегі анықтамалық материалдармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) олардың жұмысын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ұйымдастырсын, әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыстың басталғандағы туралы хабарландыру берсін;
Тармақша 4
4) тіркеу уақытында әсери-оқу орнына түсудегі әскери-кәсіптік бағдарлау мақсатында әскерге шақырушылардың әрқайсысымен жеке әңгімелесу өткізсін.
Тармақ 6
6. "Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі 2009 жылға арналған көзделген қаражаттар шегінде, 1992 жылы туған азаматтарда "Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің" шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 1 "1992 жылы туған еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз ету туралы" қаулысының (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 23 ақпанда 9-5-60 болып тіркелген, 2008 жылғы 13 наурызда "Таза бұлақ - Чистый родник" № 10 газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары К.Ғ. Таңқабаевқа жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.