Қазақстан Республикасының 1992 жылы туған еркек жынысты азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының 1992 жылы туған еркек жынысты азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңның 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының 1992 жылы туған тіркеу жүргізілетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын, сонымен қатар бұрын тіркеуге алынбаған жасы үлкен азаматтарды 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында "Қостанай облысы Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесiне тiркеу жүргiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Ауылдар, селолар мен селолық округтердiң әкiмдерi:
Тармақша 1
1) кестеге сәйкес бозбалаларға уақытында хабарлауды, олардың Науырзым ауданының шақыру учаскесiне келуiн қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) бозбалаларды жеткізуді адамдар тасымалдау үшiн арнаулы жабдықталған көлiктермен жүргізсін;
Тармақша 3
3) қосымша медициналық тексеруге жiберiлген әскер жасына дейінгілерге бақылау жүргiзсiн.
Тармақ 3
3. "Науырзым ауданының білім беру бөлімі" (Ж.М. Шаяхметова), "Қостанай облысы әкімдігі білім беру басқармасының № 8 кәсіптік лицей" (Қ.Қ. Байділдинов) (келiсiм бойынша) мемлекеттiк мекемелерi кестеге сәйкес аудандық шақыру учаскесiне 1992 жылы туған бозбалалармен iлесiп жүру үшiн бастапқы әскери дайындық оқытушыларын жiберу ұсынылсын.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Науырзым ауданының iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (О.Ф. Жанатов) (келiсiм бойынша):
Тармақша 1
1) тiркеу жүргiзiлетiн күндерi қоғамдық тәртiптi сақтау үшiн шақыру учаскесiне полиция қызметкерлерiн бөлу;
Тармақша 2
2) кестеге сәйкес келу күндерi әскер жасына дейiнгiлердi аудандық тіркеу комиссиясына жеткiзу мақсатында полицияның учаскелiк инспекторларын жiберу;
Тармақша 3
3) әскери мiндеттерiн орындаудан жалтарған адамдарды iздестiру және тiркеу учаскесiне жеткiзу жөнiндегi жұмыстарды өз құзыретi шегiнде ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Меншiк нысанына қарамастан ұйымдар, кәсiпорындар мен мекемелер басшыларына азаматтардың әскер жасына дейiнгiлердi әскери есепке қоюға байланысты мiндеттердi орындау үшiн қажеттi уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметi сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босатылатынын ескеру ұсынылсын. Медициналық куәлiктендiру, тiркеу жөнiндегi комиссияның жұмысына тартылған мамандардың, тiркеудi өту кезеңiнде тiркеуге жататын еркек жынысты азаматтардың жұмыс орны мен атқаратын қызметi сақталады.
Тармақ 6
6. "Науырзым ауданының білім беру бөлімі" (Ж.М. Шаяхметова), "Қостанай облысы Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" (Қ.С. Сыздықов) (келiсiм бойынша) мемлекеттiк мекемелерi бірлесе отырып әскери оқу орындарына іріктеп алынған үміткерлердің құжаттарын дайындауы қамтамасыз етілсін, бұқаралық ақпарат құралдар арқылы әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу басталғандығы туралы хабарландыру берілсін.
Тармақ 7
7. "Науырзым ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" (А.Т. Айтуарова), "Науырзым ауданының қаржы бөлiмi" (Р.Т. Бөдекенова) мемлекеттiк мекемелерiнiң бастықтары 1992 жылы туған бозбалаларды тiркеудi қамтамасыз ету үшiн бюджетте қарастырылған шығындар шегiнде қажеттi қаражат бөлсiн.
Тармақ 8
8. Науырзым ауданы әкімiнiң 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 1 "Қазақстан Республикасының 1990 жылы туған азаматтарын шақыру учаскесiне тiркеудi жүргiзу туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-63, "Науырзым" аудандық газетi, 2008 жылғы 5 наурыз, № 6) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 9
9. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсiн.