Қолданыстағы ред. 30.12.2009

Мақат ауданында 1993 жылы туылған азаматтарын 2010 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы от 30.12.2009 г. № 27 (Мақат ауданында 1993 жылы туылған азаматтарын 2010 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы)

0

Мақат ауданында 1993 жылы туылған азаматтарын 2010 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақcтан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабын басшылыққа алып, ШЕШЕМІН:

1

1. Аудан көлемінде тұратын шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын 1993 жылы туылған ер азаматтарды 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде тіркеуге алу жүргізілсін.

2

2. Азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуге алуды жүргізу комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.

3

3. Мақат аудандық орталық емханасы (Б. Оңдасынов) (келісім бойынша) 2-қосымшаға сәйкес аудандық шақыру учаскесінде тіркелуші азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін тәжірибелі дәрігер мамандар бөлу және медицина талаптарына сай тексеру ұсынылсын.

4

4. Білім беру ұйымдары және өзге де ұйымдардың басшыларына жергілікті әскери басқару органына шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін толықтай беру ұсынылсын.

5

5. Азаматтарды әскер жасына дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босату ұсынылсын.

6

6. Аудандық білім беру бөлімі мен поселке әкімдері:

1

1) аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жасөспірімдердің шақыру учаскесіне уақытылы келуіне жауапты мамандар белгілеп, оларға келушілерді ұйымдастырып әкелу және қажетті құжаттармен қамтылуын;

2

2) жастардың жергілікті жерлерден шақыру учаскесіне уақытылы келіп және тұрғылықты жерлеріне жеткізілуі үшін сенімді жабдықталған көлікпен қамтамасыз етсін.

7

7. Аудандық ішкі істер бөліміне (Б. Қапаров) (келісім бойынша) шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау, әскери есепке отырудан жалтарған азаматтарға өз құзыреті шегінде шаралар қолдану ұсынылсын.

8

8. "Мақат желілік-өндірістік басқармасы" (М. Ещанов)(келісім бойынша), "Мақат Сервис-2004" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Б. Ульжекешов) (келісім бойынша), "Локомотив" акционерлік қоғамының филиалы – "Мақат локомотив пайдалану депосы" (Қ. Төретаев) (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдасқан және сапалы түрде жүргізуді қамтамасыз ету үшін қызмет көрсететін техникалық қызметкерлердің қажетті санын 3-қосымшаға сәйкес бөлу, бөлінген қызметкерлердің осы міндеттерді атқару уақытында жұмыс орнын, атқаратын қызметін және жалақысын сақтау ұсынылсын.

9

9. "Доссормұнайгаз" өндіру басқармасына (Қ. Қуанышев)(келісім бойынша), азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу уақытында Байшонас, Доссор, Ескене, Комсомол, Қошқар поселкелері әкімдерінің тапсырыстары бойынша тіркелушілерді аудандық шақыру учаскесіне тасымалдау үшін автокөліктермен қамтамасыз ету ұсынылсын.

10

10. Аудандық қаржы бөлімі (И. Мажекеев) тіркеуге алу шарасын өткізуге байланысты 2010 жылы шыққан шығындарды сметаға сай бөлсін.

11

11. Жастарды шақыру учаскелеріне тіркеу және олардың қажетті санын анықтап әскер жасына дейінгі қызметке дайындау іс-шараларының орындалу қорытындысы 2010 жылдың сәуір айында аудан әкімдігінің мәжілісінде тындалсын.

12

12. Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (А. Кенжеұлов) (келісім бойынша) 1993 жылы туылған азаматтарды тіркеуге алу барысы жөнінде ақпарат беру ұсынылсын.

13

13. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Сабировқа жүктелсін.

14

14. "Мақат ауданының 1992 жылы туылған азаматтарын 2009 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы" аудан әкімінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 25 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-7-92 нөмірімен тіркелген, "Мақат тынысы" Мақат ауданының қоғамдық-саяси газетінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы № 4 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

15

15. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Доссормұнайгаз" мұнай газ
өндіру басқармасының бастығы:
Қ. Қуанышев
30.12.2009 ж.
Мақат желілік-өндірістік
басқармасының бастығы:
М. Ещанов
30.12.2009 ж.
Мақат аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы:
Б. Қапаров
30.12.2009 ж.
"Локомотив" акционерлік қоғамының
филиалы - "Мақат локомотив пайдалану
депосы" директоры: Н. Төретаев
30.12.2009 ж.
Мақат аудандық Қорғаныс
істері жөніндегі бөлім бастығы:
А. Кенжеғұлов
30.12.2009 ж.
Мақат аудандық орталық
емханасының бас дәрігері:
Б. Оңдасынов
30.12.2009 ж.
"Мақат Сервис–2004" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің директоры:
Б. Ульжекешов
30.12.2009 ж.

18

Аудан әкімінің 2009 жылғы
30 желтоқсандағы № 27
шешіміне 1-қосымша
Азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуге
алуды жүргізу комиссиясы
Кенжеғұлов Аманжол
- Мақат аудандық Қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы, комиссия
төрағасы, (келісім бойынша);
Қартабаев Ерлан Сисенғалиұлы
- аудан әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық
және әскери жұмылдыру
бөлімінің меңгерушісі, комиссия
төрағасының орынбасары;
Нәсіпқалиева Дария Нәсіпқалиқызы
- аудандық емхана меңгерушісі,
медициналық комиссияның
төрайымы, (келісім бойынша);
Матжанов Сәрсенбай Матжанұлы
- аудандық ішкі істер бөлімі
бастығының орынбасары, комиссия
мүшесі (келісім бойынша);
Рахманова Қамқа Зейноллақызы
- мейірбике, комиссия хатшысы,
(келісім бойынша).

19

Аудан әкімінің 2009 жылғы
30 желтоқсандағы № 27
шешіміне 2-қосымша
Аудандық шақыру учаскесінде тіркелуші азаматтарды медициналық
куәландырудан өткізу үшін тәжірибелі дәрігер мамандар
№ р/с
Тегі, аты-жөні
Қандай мамандық бойынша
1
Нәсіпқалиева Дария Нәсіпқалиқызы
(келісім бойынша)
Дәрігер-терапевт
2
Елемесова Айнұр Қажымұқанқызы
(келісім бойынша)
Дәрігер-невропатолог
3
Сарсенгалиев Даулет Ануарұлы
(келісім бойынша)
Дәрігер-хирург
4
Суйеуғалиев Ерлан Бердіғалиұлы
(келісім бойынша)
Құлақ дәрігері
5
Ерғожиева Әлия Шойынбайқызы
(келісім бойынша)
Тіс дәрігер
6
Умарова Гүлзира Қалиханқызы
(келісім бойынша)
Көз дәрігері
7
Калбаева Анар Кенжебекқызы
(келісім бойынша)
Психиатр дәрігері
8
Хасанов Нұрлан Сарсенбайұлы
(келісім бойынша)
Дерматолог дәрігері
9
Жұмағалиев Ахметжан Сарыұлы
(келісім бойынша)
Фтизиатр
10
Шонаев Жалғас Мағауұлы
(келісім бойынша)
Рентгенолог
11
Емшібике (келісім бойынша)
3-адам

20

Аудан әкімінің 2009 жылғы
30 желтоқсандағы № 27
шешіміне 3-қосымша
Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдасқан және сапалы
түрде жүргізуді қамтамасыз ету үшін қызмет көрсететін
техникалық қызметкерлердің қажетті саны
№ р/с
Мекеменің атауы
Техникалық
қызметкерлер саны
Басталатын
мерзімі
1
"Локомотив" акционерлік
қоғамының филиалы – "Мақат
локомотив пайдалану депосы"
(келісім бойынша)
2 (екі)
Қаңтар 2010 ж.
Наурыз 2010 ж.
2
"Мақат-Сервис-2004"
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі (келісім
бойынша)
2 (екі)
Қаңтар 2010 ж.
Наурыз 2010 ж.
3
Мақат желілік-өндірістік
басқармасы (келісім
бойынша)
2 (екі)
Қаңтар 2010 ж.
Наурыз 2010 ж.