Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола 1993 года рождения к призывному участку в 2010 году Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылы шақыру учаскесіне 1993 жылы туған еркек жынысты азаматтардың тіркелуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. 2010 жылғы қаңтар-наурызда Арқалық қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1993 жылы туған, тіркеуге алынатын жылда 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын тіркеу ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Ауылдар және ауылдық округтер әкімдері жасөспірімдерін шақыру учаскесінде бекітілген кестеге сәйкес тіркеуден өтуі үшін ұйымшылдықпен келуіне шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің Арқалық қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) тіркеу учаскесіне тіркеуге тұрудан бой тасалап жүрген адамдарды іздестіру және тіркеу учаскесіне жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. "Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу жөніндегі медициналық комиссияны қаржыландыруды, сондай-ақ қарастырылған қаржы бөлу шегінде қалалық бюджет есебінен емдеу-алдын алу мекемелерінде медициналық тексерулерді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. "Қостанай облысы Арқалық қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесіп, әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жұмыстары басталғаны туралы оқу орындарын хабардар етуіне, бастапқы әскери дайындық оқытушы - ұйымдастырушыларын әскери-оқу орындары жөніндегі олардың жұмыстарын ұйымдастыру, әскери-оқу орындары жөніндегі анықтамалық материалдармен қамтамасыз етуге, олардың жұмысын ұйымдастыруға, әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі жұмыстың басталғаны туралы ақпарат құралдары арқылы ақпараттар беруге ұсыныс жасаймын. Тіркеу кезінде әрбір әскерге шақырушылармен әскери- оқу орнына түсуге арналған әскери-кәсіби бағдарлау мақсатындағы жекелей әңгімелер өткізілсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау әкімнің орынбасары Қ.Ш. Шаяхметовке жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді. КЕЛІСІЛДІ: "Арқалық аумақтық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері ____________ М. Естаева "Арқалық қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы ____________ Б. Сәндібеков "Қостанай облысы Арқалық қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ____________ Ж. Құтаяқов