О проведении приписки граждан 1993 года рождения к призывному участку Отдела по делам Обороны Успенского района в январе - марте 2010 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылдың қаңтар - наурыз айларында Успен ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде 1993 жылы туған азаматтарды тізімге алуды өткізу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы, 1 тармағы, 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес, 2010 жылы шақыру учаскесінде 1993 жылы туған азаматтарды тізімге алуды ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. 2010 жылдың қаңтар – наурыз айларында 1993 жылы туған азаматтар Успен ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеуден өткізілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енеді.