О проведении приписки граждан Республики Казахстан 1993 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Павлодарского района в январе-марте 2010 года Қолданыста
Басқа 0
1993 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың қаңтар-наурызында Павлодар ауданы қорғаныс істері бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуін өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндет пен әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" № 371 қаулысына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. 2010 жылдың қаңтар – наурызында 1993 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген ересек жастағы азаматтарды Павлодар ауданы қорғаныс істері бөлімінің әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстары ұйымдастырылсын және жүргізілсін.
Тармақ 2
2. 1993 жылы туған азаматтардың Павлодар ауданы қорғаныс істері бөлімінің шақыру учаскелеріне тіркеуі, оларды әскери есепке қою, санын, әскери қызметке жарайтын дәрежесін анықтау, жалпы білім деңгейін, иеленген мамандығы мен дене дайындығын анықтау мақсатында өткізілсін.
Тармақ 3
3. Ауылдық округ және ауыл әкімдері:
Тармақша 1
1) 2010 жылдың қаңтар–наурызында кестеге сәйкес жас жігіттердің әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстарын уақытылы қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндет пен әскери қызмет туралы" Заңының 44 бабына сәйкес медициналық қаралудан өткізу үшін, шақыру комиссияның кестесіне сәйкес, әскери қызметке шақырылған жас жігіттерді автокөлікпен жеткізілуін ұйымдастырсын. Тіркеу өткізуге байланысты барлық шығындар аудандық бюджет есебінен жасалсын.
Тармақ 4
4. Аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) шақыру учаскесінде тәртіпті қамтамасыз етіп, тіркеу кезінде Павлодар ауданы қорғаныс істері бөлімімен өзара іс – қимылды ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) жас жігіттердің шақыру учаскелеріне келуін бақыласын, әдейі келмей қалған жағдайда ауданның ауылдық округ және ауыл әкімдерінің жәрдемдесуімен олардың жеткізуін жүзеге асырсын;
Тармақша 3
3) жалпыға бірдей әскери міндеттен бас тартып жүрген адамдарды іздеп, ұсталғандарды жеткізу жөніндегі шығындар осы адамдардың есебінен жасалсын.
Тармақ 5
5. Павлодар ауданының емханасы (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) медициналық шақыру комиссиясының құрамына тәжірибелі дәрігер–мамандардың, орта медициналық құрамның кажетті санын бөлсін және тиісті медициналық керек–жарақпен және басқа да мүлікпен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) тіркелуге жататын жас жігіттердің стационарлық және амбулаториялық тексерілуін және емделуін уақытылы ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Павлодар ауданы қорғаныс істері бөлімі (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндет пен әскери қызмет туралы" Заңының 44 бабына сәйкес, еңбектерін аудандық бюджет есебінен төлеумен, төрт техникалық қызметкерді қатыстырсын;
Тармақша 2
2) шақыру учаскелеріне шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдардың тіркелуін жүргізбесін.
Тармақ 7
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.А. Мұхамбетжановаға жүктелсін.
"КЕЛІСІЛДІ"
Павлодар ауданы қорғаныс
істері бөлімінің бастығы
Н. Шамкенов
2009 жылғы 23 желтоқсан
Павлодар ауданы ішкі істер
бөлімінің бастығы
Н. Қаббасов
2009 жылғы 23 желтоқсан
"Павлодар ауданының емханасы"
КҚМК-ның бас дәрігері
Т. Жұматаев
2009 жылғы 23 желтоқсан