Об организации и обеспечении приписки граждан Республики Казахстан 1993 года рождения к призывному участку объединенного отдела по делам обороны города Аксу в 2010 году Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының 1993 жылы туған азаматтарын 2010 жылы Ақсу қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабына 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" № 371 қаулысына сәйкес, ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының 1993 жылы туған және бұрын тіркеуден өтпеген үлкен жастағы азаматтарды Ақсу қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу 2010 жылғы қаңтардан наурызға дейінгі аралығында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Қала әкімінің осы шешімі ол алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Қала әкімінің осы шешімінің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.М. Рахымжановқа жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Ақсу қаласының қорғаныс
істері жөніндегі біріккен
бөлімінің бастығы, майор Ә. Түсіпбеков
8 желтоқсан 2009 жыл