Индер ауданының 1993 жылы туған азаматтарын 2010 жылы шақыру учаскесінде тіркеуді өткізу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Индер ауданының 1993 жылы туған азаматтарын 2010 жылы шақыру учаскесінде тіркеуді өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағы 13 тармақшасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілермен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. 2010 жылдың ақпан–наурыз айларында тіркеуге жататын 1993 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді сапалы өткізу үшін құрылған аудандық комиссия құрамы бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Поселкелік, ауылдық және селолық округтердің әкімдеріне ауданның барлық елді мекендерінде тұратын 1993 жылы туылған және есепке тіркелмеген ер азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесінде тіркелуін қамтамасыз ету міндеттелсін.
Тармақ 3
3. Аудандық емхананың бас дәрігеріне (А. Доспаева – келісім бойынша) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тіркеуге шақырылғандардың денсаулығын дәрігерлік тексеруден өткізу, негізгі және қосалқы құрамда дәрігерлік комиссия құру, оны қажетті маман медбикелермен толықтыру ұсынылсын (2 қосымша).
Тармақ 4
4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Г. Сүйеуова) тіркеуге шақырылғандармен сапалы жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету үшін тіркеу уақытында ақылы қоғамдық жұмыс есебінен техникалық қызметкерлер бөлу тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер бөліміне (А. Шалхаров – келісім бойынша) тіркеуді өткізу уақытында шақыру учаскесіне келмеген азаматтарды шұғыл іздестіру және қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу, сондай–ақ азаматтардың тіркеуден жалтару әрекетін болдырмау мәселелері жөнінде бірлескен  жұмыстар жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Аудандық білім беру бөліміне (Б. Мусағали) тіркеу уақытында шақырылғандармен әскери–патриоттық шаралар, насихат жұмыстарын жүргізу және аудан бойынша 1993 жылы туылған азаматтардың тіркеу комиссиясынан өту кестесіне сәйкес оқу орындарындағы азаматтардың тіркеуден толық өтуін қадағалау міндеттелсін.
Тармақ 7
7. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (Б. Сұлтанов) тендерден өткен жолаушылар тасымалдаушы жеке кәсіпкерлермен келісім– шарт жасап, тіркеуге жататын азаматтарды селолық, ауылдық округтерден шақыру учаскесіне жеткізу үшін автокөлік ұйымдастыру және тіркеудің өту қорытындысы жөнінде 2010 жылдың 5 сәуіріне дейін аудан әкіміне хабарлама дайындау ұсынылсын (келісім бойынша).
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Балахметовке жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісілді: Индер аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы: Б. Сұлтанов 22.02.2010 жыл Аудандық емхананың бас дәрігері: А. Доспаева 22.02.2010 жыл Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы: А. Шалхаров 22.02.2010 жыл
Басқа 10
Аудан әкімінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 36 шешіміне 1 қосымша 1993 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді сапалы өткізу үшін құрылған аудандық комиссия құрамы Сұлтанов Берік Сұлтанұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, тіркеу комиссиясының төрағасы (келісім бойынша); Шакимов Берік Жеңісұлы - аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша); Комиссия мүшелері: Бигамбаев Ерлан Валерьевич - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет бабындағы орынбасары (келісім бойынша); Доспаева Анар Хамидоллақызы - аудандық аурухананың бас дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрайымы (келісім бойынша); Гильманова Роза Кәрімқызы - медбике, комиссия хатшысы (келісім бойынша).
Басқа 11
Аудан әкімінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 36 шешіміне 2 қосымша Дәрігерлік комиссия құрамы:
Тармақ 1
1. Дерматолог - Каражанова Күляш;
Тармақ 2
2. Кардиолог  - Тұнғатарова Айман;
Тармақ 3
3. Медбике    - Мұқаналиева Жаңылсын;
Тармақ 4
4. Медбике    - Имангазиева Марал;
Тармақ 5
5. Медбике    - Ысқақова Дариға;
Тармақ 6
6. Невропатолог - Ермеккалиева Айжан;
Тармақ 7
7. Окулист - Кусайынова Анар;
Тармақ 8
8. Отоларинголог - Аманова Таған;
Тармақ 9
9. Психиатр - Бакенова Ханбибі;
Тармақ 10
10. Рентгенолог - Кетебаев Сапарғали;
Тармақ 11
11. Стоматолог - Жасақбаева Тамара;
Тармақ 12
12. Терапевт - Ескалиева Жанар, Таудаев Қайыржан;
Тармақ 13
13. Фтизиатр - Кетебаев Сапаргали;
Тармақ 14
14. Хирург - Сапиев Каршыга, Ермуханов Асланбек.