Құжат мәтініне өту

Аудан көлемінде 1993 жылы туылғандарды және бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы

Өзге акт · № 30 · қабылданған 24.11.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.11.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/1993-ekb-49366/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Аудан көлемінде 1993 жылы туылғандарды және бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 30 ·24.11.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Аудан көлемінде 1993 жылы туылғандарды және бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы

ҚАЗАудан көлемінде 1993 жылы туылғандарды және бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 30 · қабылданған 24.11.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Аудан көлемінде 1993 жылы туылғандарды және бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы
Атауы (қаз.)
Аудан көлемінде 1993 жылы туылғандарды және бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
30
Қабылданған күні
24.11.2009
Көрсетілген редакция
11.11.2010 · қолданыстағы 49366_213453.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
11.11.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09LG000086
ЭКБ идентификаторы
49366
Редакция идентификаторы
49366_213453
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:58

0 Аудан көлемінде 1993 жылы туылғандарды және бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды аудандық шақыру учаскесіне тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағына және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:

1 1. 2009 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында аудан көлемінде 1993 жылы туылғандар мен бұрын тіркеуден өтпеген әскер жасындағы азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен (С.Әлімбетов, келісімі бойынша) сұралсын.

2 2. Кент, ауылдық округ әкімдеріне аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесіп азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуін қамтамасыз ету тапсырылсын.

3

3. Аудандық білім бөліміне (Ж.Бердиманов) тіркеуден өтетін оқушы балалардың бекітілген кестеге сәйкес аудандық әскерге шақыру учаскесіне белгіленген мерзімде келуін қамтамасыз ету және тіркеу комиссиясына техникалық көмек көрсететін мекемелердің тізімін бекітіп, олардың жұмысын ұйымдастыру тапсырылсын.

4 4. "ҚЭТЖК" АҚ-ның аудандық филиалынан (Е.Құрышжанов, келісімі бойынша) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ғимаратына тіркеуге алу комиссиясының жұмыс жүргізу кезеңінде электр жарығын тұрақты беріп тұруды қамтамасыз ету сұралсын.

5 5. Аудандық ішкі істер бөлімінен (П. Нәлібаев, келісімі бойынша):

1 1) тіркеуге алуды жүргізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;

2 2) азаматтардың тіркеуге келуіне бақылау жасап, тіркеуден бас тарту әрекеттерін болдырмау жөнінде шаралар қабылдау;

3 3) тіркеуге келмеген азаматтарды іздестіру жұмыстарын жүргізуін тапсыру сұралсын.

6 6. Аудандық емхананың бас дәрігері (С. Ысқақов, келісімі бойынша):

1 1) медициналық комиссияның құрамына бекітілген маман-дәрігерлер мен медбикелердің аудандық әскерге шақыру учаскесінде азаматтарды тіркеуге алу жұмыстарына тұрақты қатысуын қамтамасыз ету;

2 2) шақыру бөлімшесін қажетті дәрі-дәрмектерімен, дәрігерлік құрал жабдықтармен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің 2005 жылғы N 100 бұйрығына сәйкес қамтамасыз ету сұралсын.

7 7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Ибрагимовке жүктелсін.

8 8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.

"КЕЛІСІЛДІ"
Аудандық емханасының бас дәрігері
Ысқаков Сәулебек
"КЕЛІСІЛДІ"
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
Нәлібаев Пазылбек
"КЕЛІСІЛДІ"
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығы
Әлімбетов Сабырхан
"КЕЛІСІЛДІ"
"ҚЭТЖК"-тің аудандық филиалының директоры
Құрышанов Еркін