1993 жылдары туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы Қолданыста
Басқа 0
1993 жылдары туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17, 18 баптарына, және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес,азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуге алуды уақтылы және сапалы жүргізу үшін аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 2010 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алынсын.
Тармақ 2
2. Ауылдық, поселкелік, қалалық округтердің әкімдері:
Тармақша 1
1) 1993 жылы туылған, сондай-ақ жасы ұлғайған азаматтардың шақыру учаскесінде тіркеуге алынуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) азаматтардың медициналық куәландырудан өткізілуін қамтамасыз ету үшін олардың учаскесіне жеткізілуін қадағаласын.
Тармақ 3
3."Сарқан ауданының орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (М.Долаева):
Тармақша 1
1) 2009 жылғы "Сарқан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне 1993 жылы туылған, амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрған жастардың тізімін тапсырсын;
Тармақша 2
2) тіркеуге алуға дейін 1993 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін.
Тармақ 4
4. Сарқан аудандық ішкі істер бөлімі Қ. С. Әбдірахманов:
әскерге шақыру учаскесінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіру топтарын құрсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ. Маманбаевқа жүктелсін.
6.Осы шешім баспасөзде алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Бекішов