О проведении приписки граждан 1993 года рождения Қолданыста
Басқа 0
1993 жылы туған азаматтардың жазуын өткізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Заңына, "Әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына сәйкес, 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" № 371 Қаулысы, 2005 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының жергілікті әскери басқару органдары туралы ережені бекіту туралы" № 1232 дсп Қаулысы негізінде, ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1993 жылы туған азаматтарды әскерге жазуды "Павлодар облысы Ертіс ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (бұдан әрі – ҚІБ) мемлекеттік мекеменің шақыру учаскесіне 2010 жылдың қаңтар - наурыз айларында өткізілу шараларының ұйымдастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Бұрын қабылданған 2008 жылғы 17 қарашасындағы "1992 жылы туған азаматтардың жазуын өткізу туралы" № 16 шешімі (Мемлекеттік тізімдегі нормативтік құқықтық акетілер реестірлері 2008 жылдың 3 желтоқсандағы МТН 12-7-79 тіркелген) күші жойылсын деп танылсын.
Тармақ 3
3. Шешім ресми түрде жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Тілеуоваға және ҚІБ бастығына А.К. Саринге жүктелсін.
Келісілді
Ертіс ауданының ҚІБ бастығы
2009 ж. 21 желтоқсан А. Сарин