Ақтоғай ауданы бойынша 1993 жылғы туған ер жынысты азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтоғай ауданы бойынша 1993 жылғы туған ер жынысты азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабына сәйкес, Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1993 жылы туған азаматтарды тіркеуді өткізуді, оларды әскери есепке алуды, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағыдайын анықтауды, жалпы білімдік деңгейімен мамандығын белгілеуді, дене шынықтыруының дайындық деңгейін анықтауды, шақырылушыларды алдын-ала белгілеуді және әскери-техникалық мамандықтар бойынша дайындалу үшін және әскери оқуға түсетін үміткерлерді іріктеуді орындау мақсатында Ақтоғай ауданының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірлген бөлімінің шақыру учаскесіне 1993 жылғы туған ер жынысты азаматтарды тіркеу, 2010 жылдың қаңтар айынан наурызына дейін өткізілсін.
Тармақ 2
2. Ақтоғай ауданының білім бөлімі, кент, селолық, округтердің әкімдері тіркеуге алынатын азаматтарды дәрігерлік куәләндіруден өткізу үшін және оларды мекен-жайынан Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскелеріне дейін және кері қарай жүріп-тұру жұмыстарын ұйымдастырсын, шақыру комиссиясына ұйымдастырушылық және міндетті келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. 1993 жылғы туған ер жынысты азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскелеріне тіркеуге алу мерзіміне төмендегі іс-шаралар іске асырылып қамтамасыз етілсін:
Тармақша 1
1) iақыру учаскесі үшін қызмет ғимараты мен орны (қажетті жағдайда ғимаратты жалға алу) коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету (электр жарығы, сумен, тазалықпен, жылу берумен қамтамасыз ету т.б) жиһаз, кеңсе құралдарымен, байланыс құралдарымен, автокөлікпен, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен медицина және шаруашылық мүлкімен жабдықталсын;
Тармақша 2
2) Ақтоғай аудандық медициналық бірлестігі (Ш. Естеков) 1993 жылғы туған азаматтарды дәрігерлік куәләндіруден өткізу үшін шақыру учаскелерін қажетті маман дәрігерлермен, орта медбибілермен қамтамасыз етсін және азаматтарды емдеу үшін арнайы орындар бөлсін;
Тармақша 3
3) Ақтоғай ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (А. Түсіпбеков) Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскелеріне тіркеуге алу мерзіміне яғни, 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларына дейін тіркелген жұмыссыздар есебінен 2 адамды техникалық қызмет көрсету үшін бөлсін;
Тармақ 4
4. Ақтоғай ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (А. Зейнелғабдин) 1993 жылғы туған тіркеуге алынатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеумен байланысты шараларды 2010 жылғы аудандық бюджетте көзделген қаржылар шегінде қаржыландырылсын.
Тармақ 5
5. Ақтоғай ауданның ішкі істер бөлімі (М.А. Кашкеев) тіркеуге алынудан жалтаратын 1993 жылы туған азаматтарды іздестіру және ұстауды жүзеге асырсын, оларды апару кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Ақтоғай ауданның барлық мекеме, кәсіпорын, оқу орындары басшыларына және меншік түріне қарамастан кәсіпкерлер, басқа да ұйым, қоғам басшыларына 1993 жылғы туған азаматтарды қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге тіркеуге алудың маңыздылығы ескертілсін.
Тармақ 7
7. Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы (Б.А. Бекмағамбетов) 1993 жылғы туған азаматтардың Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскелеріне тіркеудің қорытындылары туралы ақпаратты аудан әкіміне 2010 жылғы 15 сәуір қарсаңында ұсынсын.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М. Абеуоваға жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.