Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола 1993 года рождения к призывному участку Аулиекольского района Қолданыста
Басқа 0
Әулиекөл ауданының әскерге шақыру учаскесіне 1993 жылы туған ер азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабының негiзiнде Әулиекөл ауданының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тіркеу жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарды Әулиекөл ауданының әскерге шақыру учаскесiне 2010 жылдың қаңтарынан бастап наурызына дейін тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облыстық ішкі істер Департаментінің Әулиекөл аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша) азаматтарды әскерге шақыру учаскесiне тiркеу кезеңiнде ұсынамыз:
Тармақша 1
1) тiзiмге тiркелеуден қашқан азаматтарды iздеудi және ұстауды жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2) шақыру учаскесiнде қоғамдық тәртiптi сақтау үшiн бiр полиция қызметкерiн бөлсiн.
Тармақ 3
3. Село, кент және селолық округтер әкiмдерi тiркеуге шақырылған азаматтарды тіркеу учаскесіне тіркеуден өту үшін қорғаныс істері жөніндегі бөлімге уақытылы келуін және әскерге шақыруға дейінгілерді әскери тіркеуге алуға көмекті қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. "Әулиекөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне 1993 жылы туған азаматтарды тiркеу жүргiзудi ұйымдастыру мен қамтамасыз ету үшiн аудандық бюджетпен бекiтілген қажеттi мөлшерде ақшалай қаржы бөлсiн.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
Тармақ 6
6. Шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрлігі
Қостанай облысының ішкі
істер Департаментінің
Әулиекөл ауданының ішкі
істер бөлімі" мемлекеттiк
мекемесiнің бастығы
Жағыпаров Арыстан Жұмашұлы
12 қаңтар 2010 жылғы
"Қостанай облысы
Әулиекөл ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттiк
мекемесiнiң бастығы
Түгелбаев Марат Теңізбайұлы
12 қаңтар 2010 жылғы