О проведении приписки граждан 1993 года рождения к призывному участку объединенного отдела по делам обороны города Балхаша Карагандинской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1993 жылы туған азаматтарды Қарағанды облысы Балқаш қаласы біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру теліміне тіркеуді жүргізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңның орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, қала әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Балқаш қаласы біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Бекмағамбетов Б.Ә. келісім бойынша) 1993 жылы туған азаматтарды, сондай-ақ бұрын Балқаш қаласы біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру теліміне тіркелмеген жастары үлкен азаматтарды тіркеу 2010 жылғы қаңтар - наурыз аралығында жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Мекеме, кәсіпорын мен ұйымдардың басшылары, мектептер мен басқа қоғамдық салалардың директорлары әскерге дейінгі жастарды медициналық тексеруден өту үшін және құжаттарды жинау үшін, шақыру қағаздарын алысымен жұмыстарынан, сабақтарынан босату ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Н.О. Дүйсембаевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімі ресми жарияланған күннен бастап заңды күшіне енеді. "КЕЛІСІЛДІ" Балқаш қаласы біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы подполковник Б.Ә. Бекмағамбетов 2010 жыл 22 қаңтар