Алакөл ауданында 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қолданыста
Басқа 0
Алакөл ауданында 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасындағы "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туылған, сонымен қатар алдыңғы тіркеуден өтпей қалған жастары үлкен азаматтарды шақыру учаскесіне есепке алуды жүргізсін.
Тармақ 2
2. Қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне:
Тармақша 1
1) 1993 жылы туылған, сондай-ақ түрлі себептермен шақыру учаскесінде бұрын тізімге алынбаған жасы ұлғайған азаматтарды дер кезінде толық және ұйымшылдықпен тізімге алуды қамтамасыз етсін;
Тармақ 3
3. Алакөл аудандық орталық ауруханасы мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Марат Сабетайұлы Абдығалымов (келісім бойынша)
Тармақша 1
1) Тізімге алынғанға дейінгі 1993 жылы туылған барлық жасөспірімдердің кеуде қуысы органдарын флюрографиялық тексеруден өткізуді, эритроциттердің тыну жылдамдығын, гемаглобинді, лейкоциттерді анықтай отырып, қандарын сараптауды, зәрдегі белок құрамын анықтау, электрокардиограммасын, сондай-ақ резустың оң және терістігін анықтауды жүргізсін;
Тармақша 2
2) Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне науқастың амбулаториялық картасы мен туберкулез, жүйке ауруларды диспансерлерінде және жасөспірімдер кабинетінде есепте тұрғандардың тізімін берсін.
Тармақ 4
4. Аудандық білім бөлімінің бастығы Қоңыржай Жағыпарқызы Қсталова:
Тармақша 1
1) Тізімдеу кезінде орта білімі жоқ азаматтарды анықтау мақсатында аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің қарамағына тиісті мұғалімдер бөлсін және олардың орта білім алуын ұйымдастырсын:
Тармақша 2
2) Дайындық деңгейі мейлінше дамыған жастар арасынан жоғары әскери оқу орындарына кандидаттар іріктеу жұмысын жүргізсін:
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Нұрлан Мырзаханұлы Масимов (келісім бойынша)
Тармақша 1
1) Тізімге алу алдында қорғаныс істер жөніндегі бөліміне 1993 жылы туылған азаматтар арасында әкімшілік жауапкершілікке тартылған бас еркінен айырылған және тіркеудегі нашақорлыққа салынғандардың тізімін берсін.
Тармақ 6
6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Тәшім Жазыбекұлы.
Тармақша 1
1) Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне мүгедек деп танылған 1993 жылы туылған жастардың тізімін тапсырсын.
Тармақ 7
7. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Ерен Оқасұлы Мейрамбеков атқарылған жұмыстар туралы 2010 жылдың 5 сәуіріне аудан әкіміне хабарлама берсін.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Д. Меңлібаеваға жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы шешім ресми түрде жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.