Талғар ауданы бойынша 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
ҚАЗТалғар ауданы бойынша 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Талғар ауданы бойынша 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Атауы (қаз.)
- Талғар ауданы бойынша 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 04-93
- Қабылданған күні
- 30.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2010 · қолданыстағы 52986_194619.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10DR000105
- ЭКБ идентификаторы
- 52986
- Редакция идентификаторы
- 52986_194619
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:15
0 Талғар ауданы бойынша 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туылған, сонымен қатар алдыңғы тіркеуден өтпей қалған жастары үлкен азаматтарды шақыру учаскелеріне есепке алуды жүргізсін.
2 2. Селолық округтер әкімдері:
1 1) 2010 жылдың 31 сәуірге дейін белгіленген нысан бойынша аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1993 жылы туылған жасөспірімдердің тізімдерін тапсырсын.
2 2) 1993 жылы туылған, сондай-ақ түрлі себептермен шақыру учаскесінде бұрын тізімге алынбаған жасы ұлғайған азматтарды дер кезінде толық және ұйымшылдықпен тізімге алуды қамтамасыз етсін.
3 3) тізімдердің дұрыстығын тексеруде (Ф-1) қорғаныс істер жөніндегі бөлімге нақты көмек көрсете отырып, денсаулық жағдайына қарамастан 1993 жылы туылған азаматтардың барлығының тізімге алынуын, шақыру учаскесінде олардың тізімделуінің нақты өткізілуін қатаң бақылауға алсын.
3 3. Талғар аудандық орталық ауруханасы мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері Құлсейтов Нұрлан Ғабасұлы (келісім бойынша):
1
1) тізімге алынғанға дейін 1993 жылы туылған барлық жасөспірімдердің кеуде қуысы органдарын флюрографиялық тексеруден өткізуді, эритроциттердің тыну жылдамдығын, гемоглобинді, лейкоциттерді анықтай отырып, қандарын сараптауды, зәрдегі белок құрамын анықтау, электрокардиограммасын, сондай ақ резустың оң және терістігін анықтауды жүргізсін.
2 2) 2010 жылдың 5 қаңтарына дейін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне науқастың Ф-25 нысандағы амбулаториялық картасы мен Ф-25 қосымшасын, туберкулез, жүйке аурулары диспансерлерінде және жасөспірімдер тізімін берсін.
3 3) шақырушылар арасындағы емдеу-сауықтыру жұмыстары тізімге алу кезінде басталынсын, хирургиялық және тонзилоэктомиялық қажеттілік жағдайында 2010 жылдың мамыр айында аяқталынсын.
4
4. Аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Ермағамбетова Мейрамкул Сағынжанқызы, аудандық білім бөлімінің бастығы Абдыхалыкова Клара Төлешқызы, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Құрақпаев Серік жастарды Қазақстандық патриотизмге, Отан қорғауды конституциялық міндетін мүлтіксіз орындауға баулу жөніндегі тәрбие жұмыстарын жандандырсын.
5.Аудандық білім бөлімі бастығы Әбдіхалықова Клара Төлешқызы: