Об организации мероприятии по проведению приписки к призывному участку граждан 1994 года рождения в январе - марте 2011 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2011 жылдың қаңтар - наурыз айларында 1994 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру жөнінде шаралар туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiкті мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» заңдарына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 1994 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2011 жылдың қаңтар - наурыз айларында жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Шақыру учаскесі «Түпқараған аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – қорғаныс істері жөніндегі бөлімі) базасында ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. Село, поселке әкімдері 1994 жылы туылған және бұрын тіркеуден өтпеген азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне белгіленген мерзімде келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Түпқараған орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның директоры Г.Б. Шалабаеваға (келісім бойынша) төмендегі қызметтерді іске асыру ұсынылсын:
Тармақша 1
1) 1994 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде медициналық куәландыру комиссиясына тәжірбесі мол маман - дәрігерлерді қатыстыру;
Тармақша 2
2) 2011 жылдың қаңтар - наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеуге алынатын азаматтардың флюрографиядан, электрокордиограммадан өтуін, анализдер тапсыруын, қан құрамын айыруын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясының маман дәрігерлерін қажетті дәрігерлік аспаптармен, рентгенпленкамен, флюрография, электрокардиограммаға арналған қағазбен қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) созылмалы аурулар бойынша диспансерлік есепте тұрғандардың тізімдерін, денсаулық жағдайын сипаттайтын ауру тарихының көшірмесін, дәрігерлік тексерулер мен диспансерлік бақылау мәліметтерін, дәрігерлік амбулаториялық карталарын қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 2011 жылдың қаңтар айына дейін тапсыру, комиссия жолдаған азаматтарды кезектен тыс амбулаториялық және стационарлық тексеруден өткізуді жүзеге асыру.
Тармақ 5
5. «Түпқараған аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ. Ж. Қобландинге(келісім бойынша) азаматтардың тіркеу учаскесіне келуін бақылауды жүзеге асыру және олардың тіркеуден жалтару әрекеттерінің жолын кесу, шақыру учаскесіне реттілік пен тәртіпті қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу мақсатындағы жұмыстарын жүргізу және тіркеуден өткізу барысында оларды Қарулы Күштер қатарына қызмет етуге дайындау қорытындысы туралы аудан әкіміне жазбаша хабарлама түсіру, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы М. К. Касымовқа (келісім бойынша) ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Б.Жарылғаповаға жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ»: «Түпқараған ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Касымов Марат Касираевич 31 желтоқсан 2010 жыл «Түпқараған ауданының ішкі істер бөлімі » мемлекеттік мекемесінің бастығы Қобландин Қалижан Жеңісбекұлы 31 желтоқсан 2010 жыл «Түпқараған орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның директоры Шалабаева Гүлшат Бақытовна 31 желтоқсан 2010 жыл