О проведении приписки граждан 1994 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Осакаровского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Осакаров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесінде 1994 жылы туған азаматтарға тіркеу өткізу туралы "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына сәйкес "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағы 13 тармақшасының, 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" қаулысының 13 тармағына, 2010 жылғы 30 қаңтардағы N 44 Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы" қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарға Осакаров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскелерінде 2011 жылдың қаңтар - наурыз айларында тіркеу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Рахметуллаұлы Бикеновке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.